«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

САҢЛАҚ САФИННІҢ ТУРНИРІ жеткіншектерді сынға салуда

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Зейнолла ӘКІМЖАНОВ,

“ Солтүстік Қазақстан”.

7-10 қарашада Петропавлдағы балалар мен жасөспірімдердің бокс спорт мектебінің залында КСРО-ның халықаралық дәрежедегі спорт шебері Камиль Сафиннің жүлдесі үшін ХVІІ дәстүрлі турнир өтті.

Жас былғары қолғап шеберлерінің жыл сайынғы бәсекесіне негізінен өз өңірімізден, сондай-ақ еліміздің солтүстік және орталық облыстарынан үміткерлер қатысты. Биылғы турнирде облысымыздың Ғ.Мүсірепов атындағы, Шал ақын аудандарынан, өңіріміздің орталығының “Бокс”, “Жеңіс” мектептерінен, спортқа дарынды балалардың облыстық мектеп-интернатынан, сондай-ақ Астана, Жезқазған, Балқаш, Көкшетау, Степногорск, Қарсақпай, Сәтбаев қалаларынан, Қарағанды, Ақмола облыстарынан ат басын тіреген барлығы елуге тарта жасөспірім тоғысты.

Жарыстың ашылу салтанатында облыс әкімінің орынбасары Фархад Қуанғанов қатысушыларды өңір басшысы Серік Біләловтің атынан дәстүрлі турнирдің бастау алуымен құттықтады. Ал Камиль Сафин жастарға өзінің атындағы жарысқа қатысуға ниет білдіргендері үшін алғыс арнап, жеңіс тіледі.

Жеңімпаздар сенбі күні ақтық жекпе-жектерде анықталды.

Олар: 42 кг. Мирас Аққожин (Қарағанды), 44 кг. Бірлік Иманбеков (Жезқазған), 46 кг. Никита Сипягин (Петропавл), 48 кг. Марат Ахметжанов (Петропавл), 50 кг. Жанат Батырбекұлы (Петропавл), 52 кг. Артур Смирнов (Көкшетау), 54 кг. Александр Булка (Көкшетау), 57 кг. Еламан Балахметов (Петропавл), 60 кг. Азат Елубаев (Петропавл), 63 кг. Мақсат Әубәкіров (Көкшетау), 66 кг. Сейілбек Омарбеков (Петропавл), 70 кг. Сергей Ветик (Петропавл), 75 кг. Әділхан Нұрқаман (Жезқазған).

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp