Полицейлер “Қауіпсіз жол” жеделалдын алу шарасының қорытындысын шығарды. Шара мақсаты – апат деңгейін төмендету, жол-көлік оқиғаларының алдын алу, жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу фактілерін анықтау.
Шара барысында облыс аумағында жол қозғалысы ережесін бұзудың 2303 фактісі тіркелді. Соның 190-ы жүргізушілердің жолда келе жатып, қалта телефонын пайдалануына, 518-і жылдамдықты асыруға, 386-сы қауіпсіздік белбеуін тақпауға қатысты. 61 жүргізуші қарсы бағытқа шыққан, ал 31-і апат жағдайын тудырғаны үшін жауап берді. 115 тұлғаның мас күйде көлік жүргізгені анықталды.
Есіл ауданының Явленка ауылында жол-көлік оқиғасы орын алуы салдарынан төрт адам көз жұмды. “БМВ” автокөлігінің жүргізушісі рульге ие бола алмай, ағашқа соғылған. Төрт жолаушы оқиға орнында жан тапсырды, жүргізуші ауыр жарақаттармен аудандық ауруханаға жөнелтілді.
СҚО ІІД баспасөз қызметінің ақпараты
бойынша дайындалды.