«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚЫРАҒЫЛЫҚ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Өткен сәрсенбі күні әскери жасақ сақшылары өздері патрульдік қызмет атқаратын аумақ – облыс орталығының Жамбыл көшесіндегі 235-ші үйдің маңында әскерилер мен полицейлерді көрісімен жылысып кетпекші болған жас жігітті тоқтатқан. Күдіктіні тексерген кезде оның не себептен тәртіп сақшыларымен кездескісі келмегені белгілі болды. Қолындағы спорттық сөмкесінен “ИЖ-17” шолақ мылтығы мен патрондары, көз-ауыз ойықтары бар тоқыма бас киім және ауыстырып киетін етік табылды.

Кирпичный кентінің 22 жасар тұрғыны 1-ші тірек қосынына жеткізіліп, онда ол шолақ мылтықты өзін-өзі қорғау үшін сол күні кешкілік “Алтын Арман” базарынан сатып алдым деген желеу айтып, жеңіл құтылғысы келген. Алайда, күдікті полиция қызметкерлеріне бұрыннан “таныс” болып шықты. Ол 2010 жылы әйел адамға қарақшылық шабуыл жасауға қатысқандар ішінде болғаны үшін шартты түрдегі сот жазасына кесіліпті. Ал оның қылмыстас серігі қылмыс жасағаннан кейін бірден әскерге кетіп қалғанына қарамастан, ісі сотқа түсіп, нақтылы жазалау мерзіміне сотталған да, қайыра патрульдің қолына түскен серігі шартты түрдегі жазаға кесілген екен.

Қазіргі уақытта Қылмыстық кодекстің 251-бабы бойынша “Заңсыз қару сатып алғаны, сақтағаны, ұстағаны үшін” күдіктінің үстінен қылмыстық іс қозғайтын материалдар жиналуда.

Қалалық ішкі істер басқармасының басшылығы патрульдік полиция батальоны қызметкерлері мен №6637 әскери бөлімі қызметкерлерінің қырағы тобын марапаттау мәселесін ойластыруда.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp