«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҰЛТТЫҚ НАҚЫШТА ЖАСАЛҒАН көрме көңілден шықты

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстық бейнелеу өнері мұражайында Көкшетау қаласының көрмесі ашылды. Бір ай бойы қызылжарлықтар мен қала қонақтары “Көкше” академиясының оқытушылары мен студенттерінің туындыларын тамашалай алады.

Гүлбике ТӨЛЕБАЕВА,

“Солтүстік Қазақстан”.

 

Аталмыш жоғары оқу орны жеті жылдан бері дизайнның үш бағыты, яғни сәулет, графика және өнеркәсіп бойынша мамандар даярлайды. Көрмеге болашақ дизайнерлердің оқу барысында жасаған 60-қа жуық еңбегі қойылыпты. Көбі ұлттық нақышта жасалған. Бейнелеу, сәндік-қолданбалы өнер туындылары, өнеркәсіп макеттері мен осызаманғы үлгідегі қазақтың ұлттық киімдері, негізінен, сары және көк түсті.

Академияның әлеуметтік-экономикалық департаментінің директоры Гүлнәр Мұғжанованың айтуынша, бұрын қазақ халқында осы түстер көп қолданылған. Панноларда суреттелген ескі жазбалар, түрлі түсті жіптен тоқылған кілемдер тарихымыздан сыр шертеді. Ұялы телефонға арналған қапшықтар, білезіктер мен әйелдер белбеуі былғарыдан жасалыпты. Бұларға тапсырыс та аз емес екен. Ал түрлі түсті әсем тастармен безендірілген қалыңдық сәукелесі көрмеге келген қыз балалардың ықыласын тудырды.

“Студенттеріміз дизайн саласы бойынша түрлі жарыстарға қатысып тұрады. Былтыр “Шабыт” халықаралық жастар конкурсына қатысып, өнеріміз жоғары бағаланды. Оқу орнын тамамдап, жеке іс ашып отырған жастарымыздың еңбектері сұранысқа ие”, – дейді департамент директоры Гүлнәр Мұғжанова.

Суреттерді түсірген

Талғат ТӘНІБАЕВ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp