Семей қаласында таэквондошылар жасөспірімдер мен жеткіншектер арасында ел чемпионатының жүлделерін сарапқа салды.
Аталған жекпе-жектерде алты үміткеріміз өңір намысын қорғап, тоғыз алқа тағынса, осылардың алтауы – алтын.
Ал командамыздың ең үздігі Виолетта Баева жарыстың үш түрінде де жеңіске жетті. Қалған жеңімпаздарымыз – Глеб Рымарь (екі алтын алқа иесі) мен Әділхан Темірболатов.
Осыған қоса Г.Рымарь қола алқаға да қол жеткізді. Осындай жүлде Шыңғыс Темірболатовқа да бұйырды.
Родион Карселадзе күміс алқа тағынып қайтты.