«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

КӨҢІЛДІ ЖАДЫРАТҚАН БІЛІМ ШАҢЫРАҒЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Гүлгүл ҚУАТҚЫЗЫ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Мамлютка қаласындағы қабырғасы 2009 жылы қаланған қазақ мектеп-интернатында бүгінде 205 бала білім алуда. Үлкен мектеп 430 оқушыға шақталған. Әр оқу жылының басында көрші аудандар мен ауылдардан келетін балалардың саны жыл сайын ұлғайып келеді. Ал оның 200 орындық интернатында 130 бала тұрады. Дағарадай мектептің іші-сырты келген адамды қызықтырады. Оқу корпусы, спорт кешені мен интернат жаңа жиһаздарға және құрал-жабдықтарға толы. “Біздің мектепте алты интерактивті тақта, мұражай, пән кабинеттері, екі лингофон мен бір мультимедиа кабинеті бар. Олардың барлығы заман талабына сай жарақтандырылған. Мемлекетіміз ұрпақ тәрбиесіне аса зор көңіл бөліп отырған кезде, біз ұстаздар, әрине, өзімізге жүктелген міндетті орындауға тиіспіз. Бірінші күннен шаңырағымыздағы білім сапасын жоғары деңгейде көрсетуге тырысып келеміз”, – дейді мектеп-интернат директоры Берік Ахметов.

Жаңа мектепте 25 мұғалім мен12 тәрбиеші еңбек етеді. Бір ауысыммен оқитын балалардың барлығы түстен кейін бос. Сондықтан олар сабақтан кейін түрлі үйірмелерге қатысып, уақыттарын ұтымды өткізуге дағдылануда. Әсіресе, олардың спорт ойындарына және домбыра үйірмесіне деген қызығушылықтары басым. Ал жазда балалар мектептің жылыжайында еңбекке тәрбиеленеді.

Мектепте сондай-ақ шағын орталық жұмыс істейді. Ондағы 25 тәрбиеленушіге арналған кең жатын бөлме мен ойын бөлмесі бар. Мұнда ауылдың екі тұрғыны жұмыспен қамтылып отыр.

Кезінде ата-аналар аудан орталығында қазақ тілінде білім беретін мектепке қол жеткізу үшін қаншама өтініш білдірді десеңізші?! Енді бүгін балаларының ана тілін меңгеріп жатқанын көрген ата-аналардың да көңілдері шат-шадыман.

Суретті түсірген Талғат ТӘНІБАЕВ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp