Самат ҚАЙЫРДЕНҰЛЫ,
журналист.
Үстіміздегі жылы облыс орталығында Аграрлық үй пайдалануға берілмек. Жоспар бойынша аталған нысанда агроөнеркәсіп кешенінің басқармалары мен ведомстволары орналасады. Бұл ауыл шаруашылығы құрылымдары үшін тиімді болмақ.
Петропавл қаласының Труд көшесі бойында орналасқан аталмыш ғимараттың құрылысымен танысқан облыс әкімі Серік Біләлов:
– Партизан көшесіне шығатын жолды жөндеу қажет. Автотұрақ мәселесін де шешкеніміз абзал. Сондай-ақ нысанның жан-жағын абаттандыруды да естен шығармағанымыз жөн, – деді.
Бұл нысанда агроөнеркәсіп кешенінің аумақтық инспекциясы, ветеринарлық бақылау, жер қатынастары басқармасы, балық шаруашылығы, омарташылар қауымдастығы және өзге бірнеше ведомство орналасады. Ғимараттың пайдалануға берілуі жаңа жұмыс орындарын ашуға және қоғамдық қабылдау өткізуге мүмкіндік бермек.
Суретті түсірген
Вадим МУДАРИСОВ.