Зейнолла ӘКІМЖАНОВ.
Көнеміз ғой уақыттың тезіне біз,
Бұл тірлікке көненің көзі – негіз.
Бабаларым құс салып, ит
жүгірткен
Өткен күнді санамен сезінеміз.
Ұмытпайық қыр менен
қырқаны біз,
Арайлап бүгін басқа тұр таңымыз.
Кесілген кіндіктері киіз үйде
Кешегі бабалардың ұрпағымыз…
Суретті салған Али ГУСЕЙНОВ.