«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БАЛАМНЫҢ БОЛАШАҒЫ ҮШІН КЕРЕК

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Светлана МИХАЙЛОВА,

зейнеткер.

“Халықтық IPO” туралы мен былтырдан бері бұқаралық ақпарат құралдарында жиі естіп, оның мән-мағынасы туралы жақсы ақпараттандым. Сондай-ақ бірінші болып құнды қағаздарын нарыққа шығарған “ҚазТранс-Ойл” АҚ – барша қазақстандықтарға таныс компания. Мен де бұл компанияның акциясына қол жеткізудің мүмкіндігін жіберіп алмауды ұйғардым.

Менің зейнеткерлік демалысқа шыққаныма екінші жыл. Биыл екінші рет жинақталған зейнетақы сомасы қолыма тиіп, қалтам біраз қалыңдап қалды. Маған күнделікті тірлігім үшін ай сайын алып отырған зейнетақым жетеді. Мен құндыз ішік киюді аңсайтын жастан өттім. Енді маған не керек?! Ал бірақ, ана баласының қамын ойлауды ешқашан ұмытпайды. Осы “Халықтық IPO” хабарлана бастағаннан-ақ көңілім алаңдап жүретін. Енді, міне, ол бағдарлама жүзеге асырыла бастады. Балам екеуіміз ақылдаса отырып, менің қорымда жинақталған зейнетақы сомасына “ҚазТрансОйл” компаниясының акцияларын сатып алуды ұйғардық. Оны баламның атына құжаттауды жөн көрдім.

Акцияны Интернет арқылы сатып алуға болатынын білгендіктен, балам осы тәсілді қолданып көрді. Экранға аталмыш бағдарламаның ережесі, оған кімдер және қалай қатыстырылатыны, брокерлік компаниялардың тізімі мен олардың қызмет көрсету төлемі шыға келді. Енді тек құнды қағаздарды сатып алатын ақшамызды банк арқылы жіберудің жолдарын пысықтап алсақ болғаны.

Петропавл қаласы.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp