«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“БҰЛАҚТАР” БИ АНСАМБЛІ республикалық конкурста үшінші орынды иеленді

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Анна КУЧЕРЕНКО.

Облыс орталығындағы №8 эстетикалық бағытта жалпы білім беретін мектеп-кешеннің “Бұлақтар” би ансамблі Алматыда өткен республикалық “Ақ көгершін” балалар конкурсынан үшінші орынды иеленіп қайтты. 4-5 сынып оқушыларынан құралған аталмыш ансамбльдің жетекшісі Светлана Герасимованың да еңбегі бағаланып, ол “Үздік хореограф” дипломына ие болды.

Балғын бишілер орыстың “Метелица” және украиннің “Полянка” ұлттық билерін сахналап, алматылықтардың зор ықыласына бөленген. Ал осы мектептің 4-сынып оқушылары Карина Кадимова мен Даша Ушкова эстрадалық әндерді тамылжыта орындаған. Балалар бұған дейін де конкурстарға қатысып, жеңістің дәмін татып үлгерген. Үстіміздегі жылы “Бұлақтар” ансамблі орыс биін билеп, облыстық байқаудың жүлделі орнына ие болған. Олардың ұстаздары Светлана Герасимова 16 жыл ұстаздық етіп келеді.

Жеңімпаз бишілеріміз конкурстан соң Алматының көрікті жерлерін аралап, сапарларын қызықты өткізіп оралды.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp