«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ДӘРІГЕРЛЕР ДЕС БЕРМЕДІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавлдағы №19 орта мектептің спорт залы 9-11 қараша күндері волейболдан мемлекеттік қызметшілердің сайыс орталығына айналды.

Жарыста облыс аудандарының, өңірлік басқармалардың, аумақтық органдардың мемлекеттік қызметшілері шеберлік сынасты.

Аудандар арасында есілдіктердің айы оңынан туды. Оларға шалақындықтар мен қызылжарлықтар жол беріп қойды.

Екінші топта денсаулық сақтау басқармасы жеңіске жетті. Екінші орынға табиғи қорлар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының құрамасы қол жеткізді. Үшінші орын жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының волейболшыларына бұйырды.

Үшінші топтың жеңімпазы – салық департаментінің волейболшылары. Петропавл қаласының тұрғындарға қызмет көрсету орталығының ойыншылары жеңімпаздан кейінгі сатыға орнықты. Әділет департаментінің құрамасы үштікке енді.

Алғашқы үш топтың жеңімпаздарына төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің және түзеу жүйесі басқармасының командалары қосылып, осы бестік нағыз топжарғанды әйгілеген қосымша жарыс өткізді. Бұл аса тартысты сында денсаулық сақтау басқармасының командасы қара үзді. Есілдіктер – екінші, салық департаментінің ойыншылары – үшінші орынға жайғасты.

Облыстық туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp