Біз биылғы жылдың 1 желтоқсанында алғаш рет жаңа мемлекеттік мереке – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнін атап өтеміз. Бұл күн күнтізбемізге кездейсоқ жазылып отырған жоқ – ол үлкен табыстарымызды, халқымыз бен мемлекетіміздің тарихындағы оң ілгерілеушілігімізді айғақтайды.
Еліміз қысқа тарихи кезеңде өткен жылдардың қиын жағдайларына төтеп беріп қана қойған жоқ, сонымен бірге қуатты, бүкіл әлем таныған державаға айналды.
Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалығы, елордамыз Астанада халықаралық форумдардың өткізілуі, оның бірқатар азиялық, еуропалық үкіметаралық ұйымдардағы жетекшілік рөлі – осыған дәлел.
Ғылым, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, өндіріс пен кәсіпкерлік өркендеу үстінде.
Зейнетақы төлемдері, қартаң адамдар мен мүгедектерге жәрдемақылар өсті.
Осы жетістіктердің бәрін және болашаққа үмітімізді біз Тұңғыш Президентіміз, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың есімімен тығыз байланыстырамыз. Бұл мереке Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың туған Қазақстанның игілігі жолында атқарып отырған күн сайынғы зор еңбегінің заңды нәтижесі болып табылады.
Үстіміздегі жылдың 1 желтоқсанында Астана қаласында барлық кәсіпкерлік субъектілерінің Тұңғыш Президент күнінің құрметіне мерекелік жеңілдіктер жасауы бойынша акция өткізіледі. Акция елорданың барлық сауда алаңдарында халық тұтынатын тауарлардың 30-35 пайыз жеңілдіктермен сатылуын қарастыруда.
Өз кезегімізде біз өңірдің барша кәсіпкерлік құрылымдарын осы мерекенің құрметіне аталған бастаманы қолдап, Солтүстік Қазақстан облысы азаматтарының барлық топтары үшін азық-түліктердің және күнделікті қажет тауарлардың бағаларын арзандату бойынша қайырымдылық акциясын өткізуге шақырамыз.
Бұл солтүстікқазақстандық кәсіпкерлердің Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне ілтипаты мен ризашылығының белгісі болып табылады.
Солтүстік Қазақстан облысының ардагерлер активі.