«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

38463559 АКЦИЯҒА ХАЛЫҚ ИЕ БОЛМАҚ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Гүлгүл ҚУАТҚЫЗЫ,

“Солтүстік Қазақстан”.

“Халықтық IPO” бағдарламасына қатысатын компаниялардың I эшелонындағы “ҚазТрансОйл” АҚ-ы 6 қазаннан бастап өзінің 38463559 акциясын нарыққа шығарды. Бағдарламаның алғашқы қарлығашы болып табылатын компанияның басшылығы еліміздің түкпір-түкпірінде өзінің бағалы қағаздарын сатып алғысы келетін инвесторлармен кездесулер өткізуде. Осындай шара кеше Петропавл қаласындағы С. Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханада өтті. Оған жергілікті мемлекеттік органдардың өкілдері мен қала жұртшылығы шақырылды.

“ҚазТрансОйл” АҚ бас директорының даму жөніндегі орынбасары Болат Зәкіров жиналған жұртшылықтың назарына компания туралы ақпараттар, оның ішінде акцияларды шығару өлшемдері, компанияның дивидендтік саясаты мен қаржылық жағдайы туралы толық мәліметтер ұсынды. Ол өз сөзінде компания еліміздегі өндірілетін мұнай көлемінің 59 пайызын экспортқа және ішкі нарыққа тасымалдайтынын тілге тиек ете отырып, оның 2011 жылғы таза пайдасы 140 миллиард 478 миллион теңге құрағанын жеткізді. Сондай-ақ осы күнге дейін компанияның акциясын иеленген жалғыз акционер “ҚазМұнайГаз” АҚ болса, енді ол халықтық сипат алмақ. Компания нарыққа қолданыста болмаған бағалы қағаздарын шығарып отыр. Болашақта оны алатын инвесторлар компанияның таза пайдасының 40 пайызын иеленеді, деп жоспарланған. Әрине, таза пайда және одан әр акцияға түсетін дивидендтің мөлшері АҚ-ның акционерлер кеңесінде шешіледі, делінді. Акционерлер жиыны жылына бір рет 30 мамырға дейін өткізіледі, сондай-ақ оған кез келген инвестор қатыса алады. Ал оның бағалы қағаздарына қол жеткізудің жолдары және тәсілдері туралы компанияның қызметкері Дәурен Тасмағанбетов айтып берді.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp