ҚР Президентінің “Құқық қорғау органдары қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттаудан өткізу туралы” Жарлығына сәйкес, биылғы жылдың сәуір айында облыстық экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінде қызметкерлерді кезектен тыс аттестаттау өтті.
Мұрат БЕКМҰХАМЕТОВ,
“Қаржы полициясы органдары ардагерлерінің ұйымы” ҚБ облыстық филиалының төрағасы.
Оның ережелеріне сәйкес, өңірлік аттестаттау комиссиясының құрамына қоғам, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері және партия ұйымдарының мүшелері кірді. Мен де осы ауқымды шараға қатысып, қаржы полициясы қызметкерлерінің кезең-кезеңімен аттестаттаудан өту барысын бақылап, комиссия мүшесі ретінде өз бағамды бердім.
Менің ойымша, кезектен тыс аттестаттау – құқық қорғау органдарының кадрлық құрамын өз міндеттерін лайықты атқара алатын қызметкерлерден қалыптастырудың тиімді тәсілдерінің бірі. Аттестаттау нәтижесі бойынша ойға түйгенім, қаржы полициясының қызметкерлері дене шынықтыру бойынша белгіленген нормативтерді тапсыру, заңнаманы білу жөнінен компьютерлік тестілеуді жүргізу кезінде жақсы көрсеткіштерге ие болды, атыс дайындығы бойынша да оң нәтиже байқалды.
Аттестаттаудың әр кезеңінде қызметкерлердің қобалжуы сезілді, бірақ ол сынға түскендердің кәсіби дағдыларына еш кедергі келтірген жоқ.