«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“ТЕМІР ТҰЛПАР” МІНГЕН… ҚАРЫЗГЕРЛЕР көліктерінен айрылуы мүмкін

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Солтүстік Қазақстан облысының сот актілерін орындау департаментінің және жол полициясы басқармасының қызметкерлері әкімшілік айыппұлдарын төлеуден қасақана жалтарушы автокөлік иелерін анықтау мақсатында бірлескен кезекті рейдтік шара өткізді.

Сот орындаушылары мен жол полицейлері “Рахмет”, “Тайга” сауда үйлері, орталық базар аумағында кезекшілік атқарды. Күні бойы 33 түбіртек бойынша жалпы сомасы 240 мың теңгеден астам айыппұл төленді.

Әкімшілік айыппұлдарын әдейі төлемей жүрген 5 борышкер анықталып, көліктері айып тұрағына қойылды. Борышкерлердің бірінің коммуналдық төлемдері бойынша берешегі 52 мың теңге көлемінде болды. Оның да “Хонда” автокөлігі айыптұрағына апарылғандардың қатарына қосылды.

Солтүстік Қазақстан облысы сот актілерін орындау департаментінің баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp