«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ӨРТКЕ ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТТІҢ 34 МАМАНЫ жұмысынан босатылды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаментте өткен баспасөз мәслихатында кезектен тыс аттестаттаудың қорытындысы жарияланды.

Гүлбике ТӨЛЕБАЕВА,

“Солтүстік Қазақстан”.

 

Жоғары аттестаттау комиссиясында 1 маман сыннан өтіп, лауазымына сәйкес деп танылған. Орталық аттестаттау комиссиясы өртке қарсы қызметте еңбек ететін 22 тұлғаның біліктілігін байқаған. Нәтижесінде 4 қызметкер кадрлық резервке енгізіліп, жоғары лауазымға ұсынылды. Үшеуінің қызметі төмендетілетін болды. Бір адам жұмысынан босатылды. Ал өңірлік аттестаттау сынынан 812 қызметкер өткен. Соның 243-і орта және аға басқарушы құрамнан. 569-ы – қатардағы қызметкерлер. 36 мемлекеттік қызметші аттестаттаудан өтуден бас тартып, жұмыстан өз еркімен кеткен. Екеуі сырқат болуына байланысты сынақтан босатылды. СҚО ТЖД кадр жұмысы бөлімінің бастығы Серік Дүйсембековтің хабарлағанындай, 2 қазан-12 қараша аралығында өңірлік аттестаттау комиссиясының әңгімелесу жүргізу бойынша 14 отырысы өтіп, нәтижесінде 769 қызметкердің ішінен 43-і кадрлық резервке енгізілген. Олардың лауазымдары өсетін болды. 668-і біліктіліктерін ақтап шығып, лауазымдарына сәйкес деп танылды. Ал 15-інің лауазымы төмендетілсе, 7 маман басқа қызметтерге ауыстырылды. 34-і сыннан өте алмай, қызметтерімен қоштасты. Бұлардың ішінде 15 адам – басшылық құрамда еңбек еткендер. 2 қызметкердің лауазымға сәйкестігі арнайы комиссия шешімінен соң белгілі болады.

Баспасөз мәслихаты барысында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша өткен он айдағы жұмыс қорытындысы мен қысқа әзірлік барысы туралы баяндама жасалды.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp