«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АУЫЛДЫ ДАМЫТУ – БАСТЫ БАСЫМДЫҚ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Жуырда Шал ақын аудандық орталық кітапханасында ауылды, оның инфрақұрылымын дамыту және туындаған мәселелерді талқылау мақсатында республика Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы жылы Қазақстан халқына арнаған “Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты” Жолдауын, “Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам” мақаласында берілген тапсырмаларды жүзеге асыру туралы “Ауылдың инфрақұрылымын дамыту – біздің басты басымдығымыз” атты сұхбат алаңы өткізілді. Аталмыш шараға “Нұр Отан” ХДП аудандық филиалының белсенділері, жергілікті мәслихат депутаттары, ірі шаруа қожалықтарының басшылары, аудандық жұмыспен қамту орталығы, ауыл шаруашылығы, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, ішкі саясат бөлімдерінің өкілдері қатысты.

Сұхбат алаңының модераторы “Нұр Отан” ХДП-ның аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Елена Кузичева болды. Шара барысында “Верд” шаруа қожалығының басшысы Дмитрий Рогалев Елбасының бастамасымен ауыл шаруашылығын, елді мекендердің инфрақұрылымын дамыту саласында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, бұл іске өздерінің қосып жатқан үлестерін тілге тиек етті. Мемлекеттік органдардың жетекшілері ауылдың инфрақұрылымын дамыту бойынша атқарылған жұмыстарды баяндап, болашақта жүзеге асырылар жоспарымен бөлісті. Осы орайда келешегі жоқ елді мекендер тұрғындарының тағдыры сөз болып, “Жұмыспен қамту – 2020” бағдарламасының жүзеге асырылу барысы баяндалды. Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бастығы Өмірсерік Әмірин ауданның шалғайда жатқан ауылдарына апаратын жолдарды жөндеу жұмысымен таныстырса, жергілікті жердегі жұмыспен қамту орталығының бастығы Ардақ Қажымұратов мамандарды жұмыспен қамту мәселесіне тоқталды. Сұхбат алаңының қорытындысында ауылдың инфрақұрылымын дамыту жұмысын күшейту жөнінде ұсынымдар қабылданды.

(Өз тілшімізден).

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp