«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

РАДИОБАЙЛАНЫСШЫ МЕЙРАМГҮЛ қарулы күштердің сұлуы атанды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Наталья ПОПОВА,

облыстық ТЖД баспасөз қызметінің маманы.

Жуырда С.Мұқанов атындағы облыстық қазақ сазды-драма театрында өңіріміздегі әскери және құқық қорғау органдарында қызмет ететін қызкеліншектер арасында сұлулық байқауы өтті. Оны “Жас қыран” әскери-патриоттық бірлестіктерінің республикалық дамыту орталығы, Білім және ғылыми министрлігінің қолдауымен “KazFond” жастар қоғамдық қоры ұйымдастырды.

Байқауға өңіріміздегі қарулы күштері ведомстволарының 18 бен 30 жас аралығындағы 6 қызметкері қатысты. Олар байқаудың талабы бойынша жүру әдебін көрсетуге, тұлғасының жеке қасиеттерін ашуға, әдемі қозғалуды, сахна мәдениетін сақтауға, эстетикалық талғамын, актерлік шеберлігін паш етуге тиісті болды. Әртіс, фотограф, визажистерден құралған қазылар алқасы аталмыш байқаудың жеңімпазы ретінде облыстық төтенше жағдайлар департаментінің өкілі Мейрамгүл Айтмұхамбетованы таңдады. Спорттық гимнастика бойынша спорт шеберлігіне үміткер Мейрамгүл облыс орталығындағы №5 өрт сөндіру бөлімінде радиобайланысшы болып қызмет атқарады. Жастайынан подиумды бағындырған, модель болғысы келген Мейрамгүл қазір мүлдем басқа салада жұмыс істесе де, бала кезіндегі арманын осындай байқауларда жүзеге асыруда.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp