«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖАҢА БАСҚАРМА БАСШЫСЫ ЖОСПАРЛАРЫМЕН БӨЛІСТІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыс әкімдігінде өткен баспасөз мәслихатында облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарманың бастығы Виктор Молодовский журналистерге облыста атқарылып жатқан іс-шаралар туралы баяндады.

Қанат АТАМАНОВ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Өңір жастарының басшысы үстіміздегі жылы жастар саясатын іске асыруға бюджеттен 30 млн. теңге бөлінгенін атап айтты. Оның 9,3 млн. теңгесі облыс көлемінде жастар саясаты бойынша түрлі іс-шараларды өткізуге арналған.

“Облыста 148 мыңдай жас бар. Өңірде 57 жастар ұйымы тіркелсе, оның 25-і бүгінде белсенді жұмыс атқаруда. Сол жастарды толғандырып жүрген мәселелердің бірі саналатын жұмыссыздықтың шешімін табу мақсатында қолға алынған “Дипломмен – ауылға!” бағдарламасы бойынша биыл 498 жас маман ауылдық жерге аттанды. “Жастар тәжірибесі” бойынша 700 адам еңбекпен қамтылып, 170 адам “Жасыл ел” жасағында болды. 23 қазаннан жұмысын бастаған “Жастардың еңбек биржасына” 169 студенттен өтініш түсіп, қазіргі күні олардың 87-сі еңбек етіп жүр”, – деп атап өтті Виктор Молодовский.

Ол өзі басшылық ететін мекеменің алға қойған жоспарларымен қысқаша таныстырып өтті. “Қазір біз жастармен жұмыс жасаудың барлық бағытын қамтып, биылғы жылы жұмысы көзге көрінбей қалған студенттердің құрылыс жасағын қайта жандандыруымыз керек. “Жасыл ел” жасағы құрамын 170-тен 750 адамға жеткізуді көздеп отырмыз. Жастар ұйымдарына қолдау көрсету де біздің міндетіміз. Жоспарымыз көп, ендігі уақытта оның барлығы жастардың белсенділік танытуына байланысты. Соған байланысты біз, алдымен, студент жастармен кездесу өткізіп, белсенділерді анықтап, оларды еңбекке тартатын боламыз”, – деп сөзін қорытындылады басқарма бастығы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp