«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

СЕНГІШТІКТІҢ САЛДАРЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавл қаласында алаяқтар алдап-арбаудың жаңа түрін қолданып жүр. Көлігінің тіркеу нөмірін жоғалтып, хабарландыру берген бойжеткен өзіне телефон шалған алаяқтың құрбаны болды.

Петропавл қаласының 23 жасар тұрғыны көлігінің нөмірін жоғалтып алып, жүгіртпе жолға хабарландыру берген болатын. Келесі күні ер адам хабарласып, нөмірді тапқанын және оны сыйақыға қайтаратынын айтқан.

Хабарласушының талабы бойынша жәбірленуші 6 мың теңгені күдіктінің ұялы телефонына аударған. Телефон шалған адам ақша түсісімен, нөмірді әкеліп беремін деп сендірген. Алайда, кейін телефонын өшіріп тастаған. Содан кейін ғана бойжеткен алданғанына көз жеткізді. Қала тұрғыны полицияға арыз жазып, қазіргі таңда жедел тергеу тобы алаяқты іздестіруге кірісті.

Полиция қызметкерлері қала және облыс тұрғындарына тым сенгіш болмау керектігін ескертеді.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp