«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Спорт саласындағы мемлекеттік қызмет регламенттерін бекіту туралы

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавл қаласы 2012 жылғы 4 қазан №283

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 Заңының 27-бабының 2-тармағына, «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы №107 Заңының 9-1-бабының 4-тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған мыналар бекітілсін:

«Cпорт шеберлiгiне үмiткер, бiрiншi спорттық разряд, бiлiктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi бiрiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi бiрiншi санатты нұсқаушы-спортшы, бiлiктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi бiрiншi санатты әдiскер, бiрiншi санатты спорт төрешiсi» cпорттық разрядтары мен санаттарын беру» мемлекеттiк қызмет регламенті;

«Спорт құрылыстарына санаттар беру» мемлекеттiк қызмет регламенті.

2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

3. Осы қаулы оны алғаш ресми жариялаған күннен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

Облыс әкімі С. БІЛӘЛОВ.

Осы нормативтік-құқықтық акт 2012 жылдың 6 қарашасында облыстық әділет департаментінде тіркеуден өтті. Тіркеу №1931.

 

 

 

«Cпорт шеберлігіне үміткер, бiрiншi спорттық разряд, бiлiктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi бiрiншi санатты

жаттықтырушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi бiрiншi санатты нұсқаушы-спортшы, бiлiктiлiгi жоғары және орта

деңгейдегi бiрiншi санатты әдiскер, бiрiншi санатты спорт төрешiсi» cпорттық разрядтары мен санаттарын беру»

мемлекеттiк қызмет регламенті

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2012 жылғы

4 қазандағы №283 қаулысымен бекітілді

1. Негізгі ұғымдар

1. Пайдаланылатын терминдер мен аббревиатураларға анықтама:

1) облыстың дене шынықтыру және спорт мәселесі бойынша жергілікті атқарушы органы – «Солтүстік Қазақстан облысының туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесі;

2) құрылымдық-функционалдық бірліктер – бұл уәкілетті органдардың, мемлекеттік органдардың, мемлекеттік органдары құрылымдық бөлімшелерінің жауапты тұлғалары, ақпараттық жүйелер және олардың кіші жүйелері (бұдан әрі – ҚФБ).

2. Жалпы ережелер

2. Мемлекеттік қызмет мекенжайы осы регламенттің 1,2-қосымшасында көрсетілген «Солтүстік Қазақстан облысының туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – жергілікті атқарушы орган) облыстың дене шынықтыру және спорт мәселесі бойынша жергілікті атқарушы органы халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі – орталық) арқылы ұсынады.

3. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.

4. Мемлекеттік қызмет «Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 2 желтоқсандағы Заңының 22-1-бабының 2,3,4 және 5-тармақтарының, «Дене шынықтыру және спорт саласында азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу мен шарттарының ережесін, сондай-ақ жаттықтырушыларға, әдіскерлерге, нұсқаушыларға біліктілік санаттарын беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы туризм және спорт министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 5 наурыздағы №02-02-18/29 бұйрығының, сондай-ақ «Спорттық атақтар мен разрядтар және спорттан төреші санаттарын берудің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы туризм және спорт министрінің міндетін атқарушының 2008 жылғы 22 тамыздағы №01-08/142 бұйрығының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 27 шілдедегі №981 «Cпорт шеберлігіне үміткер, бiрiншi спорттық разряд, бiлiктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi бiрiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi бiрiншi санатты нұсқаушы-спортшы, бiлiктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi бiрiншi санатты әдiскер, бiрiншi санатты спорт төрешiсi» cпорттық разрядтары мен санаттарын беру» қаулысымен бекітілген мемлекеттік қызмет стандарты негізінде көрсетіледі.

5. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен қажетті құжаттар туралы толық ақпарат жергілікті атқарушы органның www.ufks.sko.kz Интернет-ресурстарында, жергілікті атқарушы орган, орталық фойелерінің стендтерінде, ресми ақпарат көздерінде орналасқан.

6. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нәтижесі қағаз жеткізгіште 5 жыл мерзімге спорттық разряд немесе санат беру туралы бұйрықтан үзінді (бұдан әрі – үзінді) не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы электронды құжат нысанындағы дәлелді жауап болып табылады.

7. Мемлекеттік қызмет жаттықтырушыларға, әдіскерлерге, нұсқаушыларға, спортшыларға және спорт төрешілеріне (бұдан әрі – алушылар) спорттық разрядтары мен біліктіліктерді ресми тану мақсатында көрсетіледі.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібіне қойылатын талаптар

8. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:

1) мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі алушы жүгінген сәттен бастап күнтізбелік 30 күннен аспайды (құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді, бұл ретте жергілікті атқарушы орган мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға бір күн қалғанда ұсынады);

2) алушы жүгінген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алуға дейінгі күтудің жол берілетін ең көп уақыты 20 минуттан аспайды;

3) алушы жүгінген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушыға қызмет көрсетудің жол берілетін ең көп уақыты 20 минуттан аспайды.

9. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

10. Мемлекеттік қызмет алушының тұрғылықты жері бойынша орталықтардың ғимаратында көрсетіледі. Залда анықтама бюросы, күту үшін орындықтар, толтырылған бланкілердің үлгілері бар анықтамалық стендтер орналасады. Ғимаратта мүмкіндігі шектеулі (күтуге арналған орындықтар, стенділер) адамдар үшін жағдайлар көзделген.

Спортшыға спорттық атақ, разряд беру үшін құжаттар сәйкесінше нормативтер мен талаптарды орындау сәтінен алты ай ішінде жергілікті атқарушы органдарға және орталықтарға жолданады.

11. «Спорт шеберіне кандидат» спорттық атағын, «1-разрядты спортшы» спорттық разрядын беру (және/немесе растау) туралы мемлекеттік қызмет алу үшін тұтынушы орталыққа құжаттар тізбесін береді:

1) осы регламенттің 5-қосымшасына сәйкес белгіленген нысандағы ұсыным;

2) жарыстың атауы, оны өткізу мерзімі мен орны көрсетілген, жарыстың бас төрешісі мен бас хатшысы қол қойған хаттамадан үзінді;

3) осы спорт түрінен республикалық федерацияның мөрімен расталған жарыстар хаттамаларының көшірмелері;

4) осы регламенттің 4-қосымшасына сәйкес жарыстың бас төрешісінің және бас хатшысының қол қойған бокс, күрес және басқа да жекпе-жектердің нәтижелері туралы анықтама.

Мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурс болып табылатын құжаттардың мәліметтерін жергілікті атқарушы орган тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден халыққа қызмет көрсету орталықтарының ақпараттық жүйесі арқылы электрондық цифрлық қолтаңба қойылған электрондық құжат нысанында алады.

Орталық қызметкері түпнұсқаларды құжаттардың көшірмелерімен және мемлекеттік органдардың мемлекеттік ақпараттық жүйелерінен алынған мәліметтермен салыстырып тексереді, содан кейін түпнұсқаларды мемлекеттік қызметті алушыға қайтарады.

«Біліктiлiгi жоғары деңгейдегi бірiншi санатты жаттықтырушы», «Біліктiлiгi орта деңгейдегi бірiншi санатты жаттықтырушы», «Біліктiлiгi жоғары деңгейдегi санаты жоқ жаттықтырушы» және «Біліктiлiгi орта деңгейдегi санаты жоқ жаттықтырушы» санаттарын беру (және/немесе растау) туралы мемлекеттік қызмет алу үшін алушы орталыққа мынадай құжаттар тізбесін ұсынады:

1) «осы регламенттің 3-қосымшасына сәйкес белгіленген нысандағы өтініш;

2) білімі, біліктілігін арттыру туралы құжаттың көшірмесі;

3) еңбек кітапшасының немесе күні және оны тоқтату негіздемесі туралы жұмыс берушінің белгісімен еңбек шартының көшірмесі немесе еңбек шартын жасау және тоқтату негізінде еңбек қатынасын жасау және тоқтатуды растайтын жұмыс беруші актісінен үзінді немесе жұмыскердің еңбек қызметі туралы мәліметтен тұратын мұрағаттық анықтама;

4) осы регламенттің 6-қосымшасына сәйкес белгіленген үлгідегі анықтама («Біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі санатсыз жаттықтырушы» санатын меншіктеуді қоспағанда);

5) аталмыш спорт түрі бойынша облыстық федерацияның мөрімен расталған жарыстар хаттамасының көшірмесі («Біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі санатсыз жаттықтырушы» санатын меншіктеуден қоспағанда);

6) бұдан бұрынғы біліктілік санатының берілуі туралы куәліктің көшірмесі.

Мынадай құжаттардың мәліметі:

жеке тұлға үшін – алушы жеке тұлғаның жеке басын куәландырушы құжат.

Жергілікті атқарушы орган мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстары болып табылатын құжаттар мәліметін электронды цифрлық қол қойылған электронды құжаттар үлгісінде халыққа қызмет көрсету орталықтарының ақпараттық жүйесі арқылы алады.

Орталық қызметкері мемлекеттік органдардың мемлекеттік ақпараттық жүйеден ұсынылған құжаттар көшірмесі мен мәліметтің дұрыстығын түпнұсқамен салыстырады, кейін түпнұсқаны мемлекеттік қызметті тұтынушыға қайтарады.

«Біліктiлiгi жоғары деңгейдегi бірiншi санатты жаттықтырушы», «Біліктiлiгi орта деңгейдегi бірiншi санатты жаттықтырушы» санатын беру осы регламенттің 7-қосымшасына сәйкес дене шынықтыру ұйымдары қызметкерлерінің лауазымы үшін біліктілік талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

«Біліктiлiгi жоғары деңгейдегi бірiншi санатты әдіскер» және «Біліктiлiгi орта деңгейдегi бірiншi санатты әдіскер» санатын беру (және/немесе растау) туралы мемлекеттік қызмет алу үшін алушы орталыққа мынадай құжаттар тізбесін тапсырады:

1) осы регламенттің 3-қосымшасына сәйкес белгіленген нысандағы өтініш;

2) білімі, біліктілігін арттыру туралы құжаттың көшірмесі;

3) еңбек кітапшасының немесе жұмыс берушінің оны тоқтату күні мен негіздемесі туралы белгісі бар еңбек шартының немесе еңбек шартын жасау және тоқтату негізінде еңбек қатынастарының туындауын және тоқтатылуын растайтын жұмыс берушінің актісінен үзіндінің көшірмесі немесе қызметкердің еңбек қызметі туралы мәліметтен тұратын мұрағат анықтамасы;

4) бұдан бұрынғы біліктілік санатының берілуі туралы куәліктің көшірмесі.

Мынадай құжаттардың мәліметі:

алушы – жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат.

«Біліктiлiгi жоғары деңгейдегi бірiншi санатты әдіскер» және «Біліктiлiгi орта деңгейдегi бірiншi санатты әдіскер» санатын беру осы регламенттің 7-қосымшасына сәйкес дене шынықтыру ұйымдары қызметкерлерінің лауазымы үшін біліктілік талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

Жергілікті атқарушы орган мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстары болып табылатын құжаттар мәліметін электронды сандық қол қойылған электронды құжаттар үлгісінде халыққа қызмет көрсету орталықтарының ақпараттық жүйесі арқылы алады.

Орталық қызметкері мемлекеттік органдардың мемлекеттік ақпараттық жүйеден ұсынылған құжаттар көшірмесі мен мәліметтің дұрыстығын түпнұсқамен салыстырады, кейін түпнұсқаны мемлекеттік қызметті алушыға қайтарады.

«Біліктiлiгi жоғары деңгейдегi бірiншi санатты нұсқаушы-спортшы» санатын беру (және/немесе растау) туралы мемлекеттік қызмет алу үшін алушы орталыққа мынадай құжаттар тізбесін тапсырады:

1) осы регламенттің 3-қосымшасына сәйкес белгіленген үлгідегі өтініш;

2) білімі, біліктілігін арттыру туралы құжаттың көшірмесі;

3) еңбек кітапшасының немесе күні және оны тоқтату негіздемесі туралы жұмыс берушінің белгісімен еңбек шартының көшірмесі немесе еңбек шартын жасау және тоқтату негізінде еңбек қатынасын жасау және тоқтатуды растайтын жұмыс беруші актісінен үзінді немесе жұмыскердің еңбек қызметі туралы мәліметтен тұратын мұрағаттық анықтама;

4) мөрмен расталған соңғы екі жылдағы спортшының жетістіктерін көрсетумен санат меншіктеу туралы спорт түрлері бойынша республикалық федерацияның қолдау хаты;

5) алдындағы біліктілік санатын меншіктеу туралы куәліктің көшірмесі.

Құжаттар мәліметі:

алушы – жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат.

«Біліктiлiгi жоғары деңгейдегi бірiншi санатты нұсқаушы-спортшы» санатын беру туралы осы регламенттің 7-қосымшасына сәйкес дене шынықтыру ұйымдары қызметкерлерінің лауазымы үшін біліктілік талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

Жергілікті атқарушы орган мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстары болып табылатын құжаттар мәліметін электронды сандық қол қойылған электронды құжаттар үлгісінде халыққа қызмет көрсету орталықтарының ақпараттық жүйесі арқылы алады.

Орталық қызметкері мемлекеттік органдардың мемлекеттік ақпараттық жүйеден ұсынылған құжаттар көшірмесі мен мәліметтің дұрыстығын түпнұсқамен салыстырады, кейін түпнұсқаны мемлекеттік қызметті тұтынушыға қайтарады.

«Спорт төрешісі» төрешілік санатын беру туралы мемлекеттік қызмет алу үшін тұтынушы Қазақстан Республикасының спорттық біліктілік талаптарына сәйкес төрешілік практикасы тәжірибесін растайтын құжатты орталыққа жеткізеді.

12. Орталық арқылы мемлекеттік қызмет алу үшін өтініш бланкілерін толтыру талап етілмейді.

13. Орталықта құжаттарды қабылдау «кедергісіз» қызмет көрсету арқылы операциялық залда орталық қызметкерлерімен жүзеге асырылады.

14. Мемлекеттік қызметті алу үшін барлық қажетті құжаттар тапсырылған кезде алушыға мыналар көрсетіле отырып тиісті құжаттардың қабылдағаны туралы қолхат беріледі:

1) сұрауды қабылдау күні мен нөмірі;

2) сұрау жасалған мемлекеттік қызмет түрі;

3) қоса берілген құжаттардың саны мен атауы;

4) құжаттарды беру күні (уақыты) мен орны;

5) құжаттарды ресімдеуге өтінішті қабылдаған орталық қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты;

6) алушының тегі, аты, әкесінің аты, уәкілетті өкілдің тегі, аты, әкесінің аты және олардың байланыс телефондары.

15. Орталықта дайын құжаттарды алушыға беруді орталықтың қызметкері қолхаттың негізінде онда көрсетілген мерзімде күн сайын «терезе» арқылы жүзеге асырады.

Егер алушы көрсетілген мерзімде қызметтің нәтижесін алуға келмесе, орталық оның бір ай ішінде сақталуын қамтамасыз етеді, содан кейін жергілікті атқарушы органға береді.

16. Жергілікті атқарушы орган аталған мемлекеттік қызметті көрсетуден мынадай негіздемелер бойынша бас тартады:

1) осы регламенттің 11-тармағында көрсетілген толық құжаттар тізбесін тапсырмауы;

2) құжаттарда жалған немесе бұрмаланған деректер анықталса;

3) спортшыға спорттық атақтарды беру құжаттарын тиісті норматив немесе талаптар орындалған сәттен бастап алты айдан асып кеткен мерзімде ұсынылса.

Осы регламенттің 11-тармағында көрсетілген құжаттардың біреуін алушы тапсырмаған жағдайда орталық құжаттарды қабылдаудан бас тартады.

Орталық қызметкерімен құжаттарды қабылдаудан бас тартқан жағдайда алушыға жетіспейтін құжаттарды көрсетумен қолхат беріледі.

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін белгіленген мерзімде немесе құжаттарды толық тапсырмаған жағдайда екі жұмыс күні ішінде алушыға өтінішті қарастырудан бас тарту туралы дәлелді жауап беріледі.

17. Мемлекеттік қызмет алу үшін алушыдан өтініш алған мерзімнен бастап мемлекеттік қызметтің нәтижесін беруге дейінгі мемлекеттік қызмет көрсету кезеңдері:

1) алушы мемлекеттік қызметті алу үшін орталыққа жүгінеді;

2) орталық инспекторы өтінішті қабылдайды, ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді, осы регламенттің 11-тармағында көрсетілген құжаттар тізбесі алушымен толық ұсынылмаған жағдайда құжаттарды қабылдаудан бас тартылады, алушыға жетіспейтін құжаттарды көрсетумен қолхат береді. Құжаттар топтамасы толық болған жағдайда өтінішті тіркейді, алушыға құжаттарды беру күні көрсетілген қолхат береді және орталықтың жинақтау бөліміне тапсырады;

3) орталықтың жинақтау бөлімінің инспекторы құжаттарды жинайды және жергілікті атқарушы органға тапсырады;

4) жергілікті атқарушы органның жауапты маманы орталықтан құжаттарды қабылдайды және жергілікті атқарушы органның басшысына қарауға тапсырады;

5) жергілікті атқарушы органның басшысы ұсынылған құжаттарды қарайды, құжаттарды жергілікті атқарушы органның жауапты орындаушысына жолдайды;

6) жергілікті атқарушы органның жауапты орындаушысы құжаттардың толықтығын және дұрыстығын тексереді, спорттық атақтар, разрядтар (бұдан әрі – комиссия) бойынша комиссияға қарауға жолдайды;

7) комиссия ұсынылған құжаттарды қарастырады. Комиссия отырысында қарастыру кезінде спорттық атақтар, разрядтар және спорт бойынша спорттық санат беру туралы немесе спорттық атақтар, разрядтар және спорт төреші санатын беруге ұсынылған құжаттарды қарастырудан бас тарту туралы шешім қабылдайды;

8) жергілікті атқарушы органның басшысы комиссияның хаттамасы негізінде комиссия отырысы өткен күннен үш күн ішінде спорттық атақтар немесе спорттық разрядтар беру туралы бұйрық шығарады;

9) жергілікті атқарушы органның жауапты орындаушысы үзінді не электрондық құжат үлгісінде мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап дайындайды және жергілікті атқарушы органның басшысына қол қоюға жібереді;

10) жергілікті атқарушы органның басшысы үзіндіге не бас тарту туралы дәлелді жауапқа қол қояды және жергілікті атқарушы органның жауапты маманына жібереді;

11) жергілікті атқарушы органның жауапты маманы мемлекеттік қызмет көрсету не бас тарту туралы дәлелді жауап нәтижесін тіркейді және орталыққа жолдайды;

12) Орталық инспекторы алушыға үзінді не электрондық құжат үлгісінде мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап береді.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі іс-әрекеттер (өзара әрекеттестік) тәртібінің сипаттамасы

18. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне келесі құрылымдық-функционалдық бірліктер қатысады (бұдан әрі – ҚФБ):

1) орталық инспекторы;

2) орталықтың жинақтау бөлімінің инспекторы;

3) жергілікті атқарушы органның жауапты маманы;

4) спорттық атақтар, разрядтарды беру бойынша комиссия;

5) жергілікті атқарушы органның басшысы;

6) жергілікті атқарушы органның жауапты орындаушысы.

19. Әр ҚФБ әкімшілік әрекеттерінің (процедураларының) бірізділігі мен өзара әрекетін мәтіндік кестелік сипаттау әр әкімшілік әрекеттің (процедураның) орындалу мерзімін көрсетумен осы регламенттің 8-қосымшасында келтірілген.

20. Мемлекеттік қызмет көрсету және ҚФБ процесіндегі әкімшілік әрекеттердің қисынды бірізділігі арасындағы өзара әрекетті көрсететін сызба осы регламенттің 9-қосымшасында келтірілген.

5. Мемлекеттік қызмет көрсететін лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі

21. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын жергілікті атқарушы органның, орталықтың басшылары, лауазымды тұлғалары, сондай-ақ спорттық атақтарды және разрядтарды беру бойынша комиссия мүшелері (бұдан әрі – лауазымды тұлға) мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты тұлға болып табылады.

Лауазымды тұлғалар мемлекеттік қызметті сапалы және тиімді көрсетуге, сонымен қатар Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған тәртібінде белгіленген мерзімде мемлекеттік қызмет көрсетуді жүзеге асыруға, мемлекеттік қызмет көрсету барысындағы олармен қабылданатын шешімдерге және әрекеттерге (әрекетсіздік) жауап береді.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp