«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

«Спорт құрылыстарына санаттар беру» мемлекеттік қызмет регламенті

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2012 жылғы 4 қазандағы №283 қаулысымен бекітілген

1. Негізгі түсініктер

1. «Спорт құрылыстарына санаттар беру» аталмыш регламентінде (бұдан әрі регламент) келесі түсініктер қолданылады:

1) облыстың дене шынықтыру және спорт мәселесі бойынша жергілікті атқарушы органы – «Солтүстік Қазақстан облысының туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесі;

2) құрылымдық-функционалдық бірліктер – бұл уәкілетті органдардың, мемлекеттік органдардың, мемлекеттік органдары құрылымдық бөлімшелерінің жауапты тұлғалары, ақпараттық жүйелер және олардың кіші жүйелері (бұдан әрі – ҚФБ).

 

2. Жалпы ережелер

2. «Спорт құрылыстарына санаттар беру» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 9-1-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленген.

3. Спорт құрылыстарына бірінші, екінші, үшінші санаттарды берудің мемлекеттік қызметі мекенжайы осы регламенттің 1-қосымшасында көрсетілген «Солтүстік Қазақстан облысының туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Жергілікті атқарушы орган) облыстың дене шынықтыру және спорт мәселесі бойынша жергілікті атқарушы органы халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі – орталық) арқылы ұсынады.

4. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.

5. Мемлекеттік қызмет «Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 2 желтоқсандағы №490 Заңының 23-бабының 17) тармақшасы және «Спорт ғимараттарын пайдалану ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің 2011 жылғы 14 сәуірдегі №02-02-18/59 бұйрығы (бұдан әрі – Спорт ғимараттарын пайдалану ережелері), «Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру iстерi агенттiгi, дене шынықтыру және спорт саласындағы жергiлiктi атқарушы органдар көрсететiн мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 27 шiлдедегi №981 қаулысы негізінде көрсетіледі.

6. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен қажетті құжаттар туралы толық ақпарат жергілікті атқарушы органның www.ufks.sko.kz интернет-ресурстарында, жергілікті атқарушы орган, орталық фойелерінің стендтерінде, ресми ақпарат көздерінде орналасқан.

7. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нәтижесі осы регламенттің 2-қосымшасына сәйкес қағаз жеткізгіште паспорттың үлгідегі формасында (бұдан әрі – паспорт) спорттық құрылысқа санат беру, не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы электронды құжат нысанындағы дәлелді жауап болып табылады.

8. Мемлекеттік қызмет ҚР жеке және заңды тұлғаларына (бұдан әрі – алушылар) көрсетіледі.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібіне талаптар

9. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:

1) мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі алушы жүгінген сәттен бастап 7 жұмыс күнінен аспайды (құжатты қабылдау мемлекеттік қызмет көрсету күні болып саналмайды, бірақ мемлекеттік атқарушы орган мерзімінен бір күн бұрын мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін береді);

2) алушы жүгінген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алуға дейінгі күтудің жол берілетін ең көп уақыты 20 минуттан аспайды;

3) алушы жүгінген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушыға қызмет көрсетудің жол берілетін ең көп уақыты 20 минуттан аспайды.

10. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

11. Мемлекеттік қызмет алушының тұрғылықты жері бойынша орталықтардың ғимаратында көрсетіледі. Залда анықтама бюросы, күту үшін орындықтар, толтырылған бланкілердің үлгілері бар анықтамалық стендтер орналасады. Ғимаратта мүмкіндігі шектеулі (күтуге арналған орындықтар, стенділер) адамдар үшін жағдайлар көзделген.

12. Спорт құрылысына бірінші, екінші, үшінші санат беру туралы мемлекеттік қызметті алу үшін алушы келесі құжаттарды ұсынады:

1) спорт құрылыстарына санат беру туралы еркін үлгісінде өтініш жазу;

2) спорт құрылысының типтік үлгідегі төлқұжатын толтыру;

3) пайдалану сенімділігі, құрылыс конструкциясының орнықтылығы және қажетті қауіпсіздік дәрежесімен қамтамасыз етілгендігі бойынша спорт құрылысын тексеру техникалық актісінің көшірмесі.

Мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурс болып табылатын құжаттардың мәліметтерін жергілікті атқарушы орган тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден халыққа қызмет көрсету орталықтарының ақпараттық жүйесі арқылы электрондық цифрлық қолтаңба қойылған электрондық құжат нысанында алады.

Орталық қызметкері түпнұсқаларды құжаттардың көшірмелерімен және мемлекеттік органдардың мемлекеттік ақпараттық жүйелерінен алынған мәліметтермен салыстырып тексереді, содан кейін түпнұсқаларды мемлекеттік қызметті алушыға қайтарады.

13. Орталық арқылы мемлекеттік қызмет алу үшін өтініш бланкілерін толтыру талап етілмейді.

14. Орталықта құжаттарды қабылдау «кедергісіз» қызмет көрсету арқылы операциялық залда орталық қызметкерлерімен жүзеге асырылады.

15. Мемлекеттік қызметті алу үшін барлық қажетті құжаттар тапсырылған кезде алушыға мыналар көрсетіле отырып тиісті құжаттардың қабылдағаны туралы қолхат беріледі:

1) сұрауды қабылдау күні мен нөмірі;

2) сұрау жасалған мемлекеттік қызмет түрі;

3) қоса берілген құжаттардың саны мен атауы;

4) құжаттарды беру күні (уақыты) мен орны;

5) құжаттарды ресімдеуге өтінішті қабылдаған орталық қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты;

6) алушының тегі, аты, әкесінің аты, уәкілетті өкілдің тегі, аты, әкесінің аты және олардың байланыс телефондары.

16. Орталықта дайын құжаттарды алушыға беруді орталықтың қызметкері қолхаттың негізінде онда көрсетілген мерзімде күн сайын «терезе» арқылы жүзеге асырады.

Егер алушы көрсетілген мерзімде қызметтің нәтижесін алуға келмесе, орталық оның бір ай ішінде сақталуын қамтамасыз етеді, содан кейін жергілікті атқарушы органға береді.

17. Жергілікті атқарушы орган аталған мемлекеттік қызметті көрсетуден мынадай негіздемелер бойынша бас тартады:

1) осы регламенттің 12-тармағында көрсетілген толық құжаттар тізбесін тапсырмауы;

2) құжаттарда жалған немесе бұрмаланған деректер анықталса.

Осы регламенттің 12-тармағында көрсетілген құжаттардың біреуін алушы тапсырмаған жағдайда орталық құжаттарды қабылдаудан бас тартады.

Орталық қызметкерімен құжаттарды қабылдаудан бас тартқан жағдайда алушыға жетіспейтін құжаттарды көрсетумен қолхат беріледі.

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін белгіленген мерзімде немесе құжаттарды толық тапсырмаған жағдайда екі жұмыс күні ішінде алушыға өтінішті қарастырудан бас тарту туралы дәлелді жауап беріледі.

18. Мемлекеттік қызмет алу үшін алушыдан өтініш алған мерзімнен бастап көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесін беруге дейінгі мемлекеттік қызмет көрсету кезеңдері:

1) алушы мемлекеттік қызметті алу үшін орталыққа жүгінеді;

2) орталық инспекторы өтінішті қабылдайды, ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді, осы регламенттің 12-тармағында көрсетілген құжаттардың біреуі алушымен ұсынылмаған жағдайда құжаттарды қабылдаудан бас тартылады, алушыға жетіспейтін құжаттарды көрсетумен қолхат береді. Құжаттар топтамасы толық болған жағдайда өтінішті тіркейді, алушыға құжаттарды беру күні көрсетілген қолхат береді және орталықтың жинақтау бөліміне тапсырады;

3) орталықтың жинақтау бөлімінің инспекторы құжаттарды жинайды және жергілікті атқарушы органға тапсырады;

4) жергілікті атқарушы органның жауапты маманы құжаттарды тіркейді және басшыға қарауға тапсырады;

5) жергілікті атқарушы органның басшысы ұсынылған құжаттарды қарайды, жауапты орындаушыға құжаттарды жолдайды;

6) жергілікті атқарушы органның жауапты орындаушысы құжаттардың толықтығын тексереді, паспортты не электронды құжат үлгісінде мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап ресімдейді және қол қою үшін уәкілетті органның басшысына жолдайды;

7) жергілікті атқарушы органның басшысы паспортқа немесе бас тарту туралы дәлелді жауапқа қол қояды және уәкілетті органның жауапты маманына жолдайды;

8) жергілікті атқарушы органның жауапты маманы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін немесе бас тарту туралы дәлелді жауапты тіркейді және орталыққа жолдайды;

9) орталық инспекторы алушыға паспортты немесе электронды құжат үлгісінде мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап береді;

10) жергілікті атқарушы органның басшысы паспортқа немесе бас тарту туралы дәлелді жауапқа қол қояды және жергілікті атқарушы органның жауапты маманына жібереді;

11) жергілікті атқарушы органның жауапты маманы паспортты немесе бас тарту туралы дәлелді жауапты тіркейді және орталыққа жолдайды;

12) орталық инспекторы алушыға паспортты немесе электрондық құжат үлгісінде мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап береді.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету барысындағы іс-әрекет (өзара қарым- қатынас) тәртібін сипаттау

19. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне келесі құрылымдық-функционалдық бірліктер қатысады (бұдан әрі – ҚФБ):

1) орталық инспекторы;

2) орталықтың жинақтау бөлімінің инспекторы;

3) жергілікті атқарушы органның жауапты маманы;

4) жергілікті атқарушы органның басшысы;

5) жергілікті атқарушы органның жауапты орындаушысы.

20. Әр ҚФБ әкімшілік әрекеттерінің (процедураларының) бірізділігі мен өзара әрекетін мәтіндік кестелік сипаттау әр әкімшілік әрекеттің (процедураның) орындалу мерзімін көрсетумен осы регламенттің 3-қосымшасында келтірілген.

21. Мемлекеттік қызмет көрсету және ҚФБ процесіндегі әкімшілік әрекеттердің қисынды бірізділігі арасындағы өзара әрекетті көрсететін сызба осы регламенттің 4- қосымшасында келтірілген.

5. Мемлекеттік қызмет көрсететін лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі

22. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын жергілікті атқарушы органның, орталықтың басшылары, лауазымды тұлғалары (бұдан әрі – лауазымды тұлға) мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты тұлға болып табылады.

Лауазымды тұлғалар мемлекеттік қызметті сапалы және тиімді көрсетуге, сонымен қатар Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған тәртібінде белгіленген мерзімде мемлекеттік қызмет көрсетуді жүзеге асыруға, мемлекеттік қызмет көрсету барысындағы олармен қабылданатын шешімдерге және әрекеттерге (әрекетсіздік) жауап береді.

Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша уәкілетті орган

«Спорт құрылыстарына санаттар беру» мемлекеттік қызмет регламентіне 1-қосымша

 

Солтүстік Қазақстан облысының халыққа

қызмет көрсету орталығы

 

 

Спорт құрылысы паспортының үлгілік нысаны

Спорт құрылысының атауы

«Спорт құрылыстарына санаттар беру» мемлекеттік қызмет регламентіне 2-қосымша

 

Бекітілді:

____________________ санат

20__ жылғы _______________

№ _________________ бұйрық

Паспорт тіркелді

______________________________________

(мемлекеттік органның

______________________________________

атауы)

______________________________________

______________________________________

(басшысының Т.А.Ә. және қолы)

1. Жалпы мәліметтер

1. Мекенжайы (облыс, қала, аудан, ауыл, көше, үй, телефонның нөмірі) _______________________________________________________

2. Осы құрылыс қарамағындағы ұйымның атауы __________________________

3. Пайдалануға берген жылы мен айы __________________________________

4. Теңгерімдік құны (млн. теңге) ____________________________________

5. Жер учаскесі (гектармен) _________________________________________

6. Арнайы салынған немесе бейімделген құрылыс _______________________

7. Жылумен жабдықтау (жергілікті, орталық) __________________________

8. Сумен жабдықтау (қалалық желі, артезиан құдықтары, табиғи сулардың

бұрғылары) __________________________________________________________

9. Кәріз желісі (қалалық, қазылған, тазарту құрылыстарының болуы)_________________________________________________________

10. Желдеткіш (жасанды, тартылмалы, ағылмалы, ағылмалы-тартылмалы)___

11. Электрмен жабдықтау (өзінің көзі, орталықтандырылған)____________

12. Телефоны (нөмірлердің саны) _____________________________________

13. Аумақты қоршау (бетон, металл, ағаш) ____________________________

  1. Қосымша инженерлік-техникалық қызметтер мен қондырғылар (мұздатқыш қондырғылар, мачталық жарық беру, автоматтандырылған қызметі) ____________________________________________________________

  1. Негізгі құрылыстар мен үй-жайлар 

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp