«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТЕҢГЕНІҢ ТУҒАН КҮНІНДЕ банк қызметкерлеріне құрмет көрсетілді

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Ұлттық банк облыстық филиалында Ұлттық валюта – теңге күніне арналған салтанатты жиын өтті. Облыстық банк жүйесінің қызметкерлері қатысқан мерекелік салтанатты Ұлттық банк облыстық филиалының директоры Жомарт Қажырақымов құттықтау сөзбен ашып, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қаржы саласының қызметкерлерінің де айтарлықтай үлес қосып отырғанын айтты.

Тоқтар ЗІКІРИН,

“Солтүстік Қазақстан”.

Банк қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне қатысқан облыс әкімінің бірінші орынбасары Айдарбек Сапаров өңір басшысының мерекелік құттықтау хатын оқып, БТА банк филиалының директоры Ерік Сәлімбаевқа облыс әкімінің Құрмет грамотасын, Халық банкі Аққайың аудандық басқармасының жетекші маманы Ләзім Мұратбекова мен Ұлттық банктің қызметкері Майра Кәкеноваға облыс әкімінің Алғыс хаттарын тапсырды. Сондай-ақ туған күні теңге мерекесімен тұспа-тұс келетін Ұлттық банк облыстық филиалының директоры Жомарт Қажырақымовқа да жүрекжарды жылы сөзін арнап, Мағжан Жұмабаев пен Ғабит Мүсіреповтің жаңадан жарық көрген кітаптарын сыйлады.

Одан кейін сөз алған қала әкімі Болат Жұмабеков банкирлерді Ұлттық валюта – теңге күнімен құттықтап, бірнеше озат банк қызметкерлеріне Алғыс хаттарын тапсырды. Мерекелік күнгі марапат шараларынан Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі де қалыс қалған жоқ. Филиалдың компьютерлік жүйелерін пайдалану бөлімінің бастығы Владимир Авдеев “Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің еңбек сіңірген қызметкері” төсбелгісімен марапатталды. Ал кассалық операциялар бөлімінің қызметкері Надежда Телятникова ширек ғасырдан астам адал атқарған қызметі үшін Ұлттық банк төрағасы Григорий Марченконың Алғыс хатын алды.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp