«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ӨҢІРДЕ ҮЗДІК АТАНУ – ҮЛКЕН АБЫРОЙ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Виктор РЕДИН,

Қызылжар ауданының әкімі.

Биылғы орақ науқаны Қызылжар ауданының диқандары үшін сәтті аяқталды. 168,2 мың гектар егін алқабынан 19,6 центнерден астық жинап, қамбаға 329,1 мың тонна алтын дән құйдық. Бұл – облыс бойынша ең жоғары көрсеткіш. Майлы дақылдар алқабын 21 мың гектарға жеткіздік. Одан 9 центнерден өнім алдық.

“Зенченко және К” КС, “СК Вагулинское”, “Бескөл-Агро” ЖШС-лері астық берекелігін сәйкес түрде 28,8, 28,5 және 25,5 центнерге жеткізді.

Алдағы мал қыстату науқаны үшін 72 мың тонна шөп, 12 мың тонна пішендеме, 85 мың тонна сүрлем әзірленді.

Ауданымызда мал шаруашылығы да қарқынды дамып келеді. Қызылжарлықтар 31,4 мың бас ірі қара, 17,4 мың шошқа, 4,8 мың бас жылқы, 16,4 мың қой, 1097 мың құс өсіріп отыр. Күні бүгінге дейін (1 қарашаға дейін) сойылған салмақта 3,544 мың тонна ет, 35,011 мың тонна сүт, 126 млн. дана жұмыртқа өндірілді. Сүт, ет, тері, жүн сатып алу бойынша жылдық тапсырма 100 пайыз орындалды.

Ауданда 21 агроқұрылым мал шаруашылығымен айналысады, 6 құс фабрикасы бар. Бірінші қарашадағы мәлімет бойынша, агроқұрылымдардағы ірі қара саны 12395 (117%), шошқа 6272 (93%), жылқы 735 (92%), құс 963748 басты (110%) құрады.

“Зенченко және К” КС етті-сүтті бағытта 559 бас симменталь және 63 бас голштин тұқымды тайынша әкеліп, репродуктор шаруашылық, өз малдары есебінен 1500 басқа арналған мал бордақылау алаңын құрды.

“Жанбай” ЖШС “ҚазАгроҚаржы” АҚ-ның кредиті арқылы Даниядан 167 бас етті герефорд малын әкеліп, 400 басқа арналған репродуктор шаруашылық ашты.

Күні бүгінге дейін ауданның агроқұрылымдары 2323 бас ірі қара сатып алып, жылдық тапсырысты 103%-ға орындады.

“Бәрін де кадр шешеді” дегендей, осынау жұмыстардың барлығы аудан еңбеккерлерінің ерен еңбегі арқасында атқарылып отыр. Сондықтан кадр мәселесіне ерекше көңіл бөлудеміз. Биыл аудан бойынша “Дипломмен – ауылға!” бағдарламасына бюджеттен 18 маманға 43 млн. 397 мың теңге, 68 маманға бір реттік көтерме жәрдемқаржы беруге 7702 мың теңге бөлінген болатын.

Бүгінгі күнге дейін 68 маман көтермеақы алды, оның 45-і – білім, 15-і – денсаулық сақтау, 8-і – мәдениет саласының қызметкерлері. 19 адам бюджет кредитін пайдаланды, оның 17-сі – 29 жасқа жетпеген маман.

“Дипломмен – ауылға!” бағдарламасы жүзеге аса бастаған 2009 жылдан бері 269 маман осы шара қызметін пайдаланды, оның 223-і бір реттік жәрдемқаржы алса, 46 маман бюджет кредитіне қол жеткізді.

Орақ науқанының қорытындысы бойынша ауданның ауыл шаруашылығы қызметкерлері, еңбек ардагерлері Құрмет грамоталарымен, Алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Егіншілік пен мал шаруашылығын дамыту бойынша облыста бірінші нәтиже көрсетіп, 45 млн. теңгенің сертификатын жеңіп алдық. Осының өзі агроқұрылым еңбеккерлерінің ала жаздай атқарған жұмысының ақталғаны деп білемін.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp