“Cпорт шеберлігіне үміткер, бiрiншi спорттық разряд, бiлiктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi бiрiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi бiрiншi санатты нұсқаушы-спортшы, бiлiктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi бiрiншi санатты әдiскер, бiрiншi санатты спорт төрешiсi” cпорттық разрядтары мен санаттарын беру” мемлекеттiк қызметі регламентіне 7-қосымша
Біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты
жаттықтырушы
Біліктілік талаптары: жоғары білім (дене шынықтыру), мамандығы бойынша кемінде 5 жыл жұмыс өтілі болуы тиіс, соның ішінде:
Олимпиадалық, Параолимпиялық, Сурдолимпиялық ойындарға бір қатысушыны дайындау;
немесе Азия ойындарында, Азия Параолимпиялық, Сурдолимпиялық ойындарында спорт түрлерінен немесе спорттың ойын түрлерінен жеке, командалық нөмірлерде 4-6 орын алған бір спортшыны дайындау;
немесе әлем, Азия, Еуропа чемпионаттарына, Дүниежүзілік универсиадаларға бір қатысушыны дайындау;
немесе мүгедектер спорты түрлерінен әлем, Азия чемпионаттарында, Дүниежүзілік мүгедектер ойындарында, Азия жасөспірімдер Параолимпиялық ойындарында спорттың жеке немесе ойын түрлерінен 6-9 орын алған бір спортшыны дайындау;
немесе халықаралық кешенді жеткіншектер арасындағы ойындарда жеке немесе спорттың ойын түрлерінен 6-9 орын алған бір спортшыны дайындау;
немесе жеткіншектер арасында мүгедектер спорты түрінен әлем немесе Азия чемпионатында 4-6 орын алған бір спортшыны дайындау;
немесе республиканың ұлттық құрама командасына екі спортшыны дайындау;
немесе республиканың жастар құрама командасына үш спортшыны дайындау;
немесе республиканың жасөспірімдер құрама командасына төрт спортшыны дайындау;
немесе спортта дарынды балаларға арналған мектеп-интернатта немесе спорт колледжінде одан әрі жаттығуы үшін төрт спортшыны тапсыру;
немесе елдің құрама командасының бас, мемлекеттік, аға жаттықтырушысы ретінде кемінде бір жыл жаттықтырушы-оқытушы ретінде жұмыс істеу;
немесе дене шынықтыру және спорт жөніндегі республикалық немесе облыстық уәкілетті органда кемінде екі жыл ұйымдастыру-әдістемелік жұмыс істеу.
Білімі: Қазақстан Республикасының Конституциясы, «Дене шынықтыру және спорт туралы», «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының Заңдары, Қазақстан Республикасында дене шынықтыру және спортты дамыту жөніндегі стратегиялық және бағдарламалық құжаттар, дене шынықтыру және спорт саласындағы басқа да заңнамалық және нормативтік-құқықтық актілер, заманауи спорт ғылымы жетістіктері, отандық және шет елдік спортты дамытудың жаңа медико-биологиялық және фармакологиялық әдістері мен үрдістері, спорт түрлерінен оқу-жаттығу процесін ұйымдастыру, еңбек заңнамасының, еңбекті қорғау негіздері, өрт қауіпсіздігі мен санитарлық- гигиеналық нормалар.
Біліктілігі орта деңгейдегі бірінші санатты жаттықтырушы
Біліктілік талаптары: орта білім (дене шынықтыру), мамандығы бойынша кемінде 3 жыл жұмыс өтілі болуы тиіс, соның ішінде:
Олимпиада, Параолимпиялық, Сурдолимпиялық ойындардың бір қатысушысын дайындау;
немесе Азия ойындарында, Азия Параолимпиялық, Сурдолимпиялық ойындарында спорт түрлерінен жеке, командалық нөмірлерде немесе ойын спорты түрлерінен 4-6 орын алған бір спортшыны дайындау;
немесе әлем, Азия, Еуропа чемпионаттарының, Дүниежүзілік универсиадалардың бір қатысушысын дайындау;
немесе мүгедектер спорты түрлерінен әлем, Азия чемпионаттарында, Дүниежүзілік мүгедектер ойындарында, Азия жасөспірімдер Параолимпиялық ойындарда спорттың жеке немесе ойын түрлерінен бір қатысушыны немесе жастар мен студенттердің әлем чемпионатында 1-орын алған бір спортшыны дайындау;
немесе кешенді халықаралық жасөспірімдер ойындарында спорттық жеке немесе ойын түрлерінен 6-9 орын алған бір спортшыны дайындау;
немесе жеткіншектер арасындағы әлем немесе Азия чемпионатында 4-6 орын алған бір спортшыны дайындау;
немесе республиканың ұлттық құрама командасына екі спортшыны дайындау;
немесе республиканың жастар құрама командасына үш спортшыны дайындау;
немесе республиканың жасөспірімдер құрама командасына төрт спортшыны дайындау;
немесе спортта дарынды балаларға арналған мектеп-интернатта немесе спорт колледжінде одан әрі жаттығу үшін екі спортшыны тапсыру;
немесе елдің құрама командасының бас, мемлекеттік, аға жаттықтырушысы ретінде кемінде бір жыл жаттықтырушылық-оқытушылық жұмыс істеу;
немесе дене шынықтыру және спорт жөніндегі республикалық немесе облыстық уәкілетті органда кемінде екі жыл ұйымдастыру-әдістемелік жұмыс істеу.
Білімі: Қазақстан Республикасының Конституциясы, «Дене шынықтыру және спорт туралы», «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының Заңдары, Қазақстан Республикасында дене шынықтыру және спортты дамыту жөніндегі стратегиялық және бағдарламалық құжаттар, дене шынықтыру және спорт саласындағы басқа да заңнамалық және нормативтік-құқықтық актілер, заманауи спорт ғылымы жетістіктері, отандық және шет елдік спортты дамытудың жаңа медико-биологиялық және фармакологиялық әдістері мен үрдістері, спорт түрінен оқу-жаттығу процесін ұйымдастыру, еңбек заңнамасының, еңбекті қорғау негіздері, өрт қауіпсіздігі мен санитарлық- гигиеналық нормалар.
Біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты әдіскер
Біліктілік талаптары: жоғары білім (дене шынықтыру), мамандығы бойынша кемінде 3 жыл жұмыс өтілі болуы тиіс;
немесе жоғары оқу орнындағы дене тәрбиесі және спорттық жаттықтыру саласындағы кемінде 2 жыл ғылыми-оқытушылық жұмысы;
немесе спорттан біліктіліктің жоғары деңгейдегі екінші санатты әдіскер лауазымындағы кемінде 1 жыл жұмыс өтілі;
немесе жоғары спорт шеберлігі мектептеріндегі ұйымдастырушылық-әдістемелік және басқарушылық жұмыс, жоғары және орта арнаулы оқу орындарындағы 2 жыл ішіндегі оқытушылық жұмыс;
республикалық және облыстық уәкілетті органдағы 2 жыл ішіндегі ұйымдастырушылық-әдістемелік және басқарушылық жұмыс.
Білімі: Қазақстан Республикасының Конституциясы, «Дене шынықтыру және спорт туралы», «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының Заңдары, оқытудың әртүрлі кезеңдеріндегі спортшылардың даярлығын реттейтін нормативтік құжаттар, оқу-жаттығу процесін қамтамасыз ету нормативтері, оқу сабақтарын өткізу кезіндегі қауіпсіздік техникасы, дене шынықтыру және спорт саласындағы заңнамалық және нормативтік-құқықтық актілер, еңбек заңнамасының, еңбекті қорғау негіздері, өрт қауіпсіздігі мен санитарлық- гигиеналық нормалар.
Біліктілігі орта деңгейдегі бірінші санатты әдіскер
Біліктілік талаптары: орта білім (дене шынықтыру), мамандығы бойынша кемінде 3 жыл жұмыс өтілі;
немесе дене тәрбиесі және спорттық жаттықтыру саласындағы кемінде 2 жыл ғылыми-оқытушылық жұмыс;
немесе спорттан біліктіліктің орта деңгейдегі екінші санатты әдіскер лауазымындағы кемінде 1 жыл жұмыс өтілі;
немесе жоғары спорт шеберлігі мектептеріндегі 2 жыл ішіндегі ұйымдастырушылық-әдістемелік және басқарушылық жұмыс;
дене шынықтыру және спорт саласындағы республикалық және облыстық уәкілетті органдағы 2 жыл ішіндегі ұйымдастырушылық-әдістемелік және басқарушылық жұмыс.
Білімі: Қазақстан Республикасының Конституциясы, «Дене шынықтыру және спорт туралы», «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының Заңдары, оқытудың әртүрлі кезеңдеріндегі спортшылардың даярлығын реттейтін нормативтік құжаттар, оқу-жаттығу процесін қамтамасыз ету нормативтері, оқу сабақтарын өткізу кезіндегі қауіпсіздік техникасы, дене шынықтыру және спорт саласындағы заңнамалық және нормативтік-құқықтық актілер, еңбек заңнамасының, еңбекті қорғау негіздері, өрт қауіпсіздігі мен санитарлық- гигиеналық нормалар.
Біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты нұсқаушы-спортшы
Біліктілік талаптары: жоғары немесе орта білім, соның ішінде:
Қазақстан Республикасының ұлттық командасының құрамында әлем чемпионаттарында 4-6 орын;
Азия чемпионаттарында 1-3 орын, Азия ойындары мен Еуропа чемпионаттарында 3-5 орын;
жастар арасындағы Азия чемпионаттарында 1-3 орын, олимпиадалық спорт түрлерінен жастар арасындағы Азия чемпионаттарында 1-орын, олимпиадалық емес спорт түрлерінен әлем чемпионаттарында 1-3 орын, олимпиадалық емес спорт түрлерінен Азия чемпионаттарында 1-орын.
Білімі: Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Дене шынықтыру және спорт туралы», «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының Заңдары, еңбек заңнамасының негіздері, техника қауіпсіздігі ережесі мен санитарлық-гигиеналық нормалар және спорттық жаттықтыру негіздері, оқу сабақтарын өткізу кезіндегі қауіпсіздік техникасы, спорт түрлерінен жарыстардың ережесі, допингке қарсы ережелер.