«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ПАРАҚОРЛЫҚ ТҮБІ – ҚОРЛЫҚ екендігін балалар да білсін деп…

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Гүлбике ТӨЛЕБАЕВА,

“Солтүстік Қазақстан”.

 

Облыстық экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің ұйымдастыруымен Петропавл қаласындағы гуманитарлық-техникалық колледжде “Таза қол – таза ар” тақырыбында дәріс оқылды. Оқушылар сыбайлас жемқорлық жайында біраз мағлұмат алып, қоғам дертімен күрес жүргізу қажеттігін ойға түйді.

Департаменттің аға инспекторы Гүлнәр Әбдірахманова аталмыш тақырыпты кеңінен түсіндіруге тырысты. Жастар парақорлықтың экономикалық өсім мен мемлекеттің дамуына бөгет болатынын нақты деректер арқылы білді. Олар сондай-ақ өз елімізде қоғамдық дертпен күрестің қалайша жүргізіліп отырғандығынан хабардар болды.

Облыстық экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің баспасөз хатшысы Нұрлан Жахиннің айтуынша, мұндай дәрістер облыс орталығының 12 білім мекемесінде оқылуда. Қаржы полициясында құрылған шұғыл топтар бұл бағытта қарқынды жұмыс жүргізуде.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp