В. ЧЕЛАХТЫҢ ІСІН ҚАРАУ БАСТАЛДЫ
Айыпталушы Владислав Челах бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерінен фото және бейне түсірілімдерді жасамауды өтінді. Оның өтінішінен кейін қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық әскери соттың судьясы Ербол Ахметжанов жекелеген бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін сот үдерісі өтіп жатқан залдан шығуларын өтінді. Сондай-ақ Ербол Ахметжанов журналистерді Талдықорған қалалық сотының бірінші қабатында үдерістің тікелей көрсетілімі жүргізілетін арнайы бөлме жабдықталғандығынан хабардар …