«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

СЕРГЕЙ СИДЕНКОНЫҢ СУРЕТТЕРІ көпшілік назарына ұсынылды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстық бейнелеу өнері мұражайында қызылжарлық суретші Сергей Сиденконың жеке көрмесі ашылды.

Гүлбике ТӨЛЕБАЕВА,

“Солтүстік Қазақстан”.

Автордың “Родное и близкое” деген атаумен топтасқан еңбектері негізінен пейзаж тақырыбында салынған Солтүстік Қазақстанның әсем табиғатының төрт мезгілдегі күйі әр қырынан бейнеленген. Картиналардың әрбірі еріксіз арманқиялға жетелейді. Көрмеге келгендер Сергей Сиденконың ертегі кейіпкерлеріне арнаған туындыларын зор ықыласпен тамашалады. Қарақшы, ақшақар, арыстанның әпкесін салған кезде автор тек тушь пен қылқаламды қолданыпты. Қызылжардың көрікті жерлері бейнеленген еңбектер көрменің сәнін келтіріп тұр. Суретші Ойқаладағы шіркеуді түрлі қырынан көрсеткен. Қаламыздың ескі көшелері мен үйлері көрмеде әсем көрініс тапқан. Сергей Сиденко 1981 жылы балалар өнер мектебін тамамдаған. В. Манзя, В.Савельев, Н.Зуева сынды танымал суретшілерден сабақ алған. Бүгінде Оңтүстік-Орал темір жолының Петропавл станциясында суретші болып қызмет етеді. Оның алғашқы көрмесі 1988 жылы облыс орталығындағы бұрынғы Машинажасаушылар Мәдениет үйінде ұйымдастырылған, оған 20 графикалық жұмыс қойылған. 2009 жылы ресейлік “Фантастика әлемі” журналында автордың екі еңбегі жарық көріп, ол үшінші дәрежелі дипломға ие болды. Былтыр “Бөбек” қорының ұйымдастыруымен өткен қайырымдылық қорына қатысып, өз картиналарын сатудан түскен қаражатты сырқат балаларды емдеуге аударған.

Суретті түсірген

Амангелді БЕКМҰРАТОВ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp