«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

В. ЧЕЛАХТЫҢ ІСІН ҚАРАУ БАСТАЛДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Айыпталушы Владислав Челах бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерінен фото және бейне түсірілімдерді жасамауды өтінді. Оның өтінішінен кейін қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық әскери соттың судьясы Ербол Ахметжанов жекелеген бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін сот үдерісі өтіп жатқан залдан шығуларын өтінді.

Сондай-ақ Ербол Ахметжанов журналистерді Талдықорған қалалық сотының бірінші қабатында үдерістің тікелей көрсетілімі жүргізілетін арнайы бөлме жабдықталғандығынан хабардар етті. Қазіргі уақытта әртүрлі бұқаралық ақпарат құралдарының 62 өкілі сот үдерісін бейнемонитор арқылы бақылауда. Журналистерге барлық жағдай жасалған.

Істі Талдықорған әскери гарнизонының судьясы Ербол Ахметжанов қарайды. Мемлекеттік айыптаушылар – Дастан Сәкенов, Александр Кирияк және Кемел Шаяхмет.

Бұған дейін хабарланғандай, кеше Талдықорғанның қалалық сотында “Арқанкерген” бекетінде қызметтестерін өлтірді деп айыпталып отырған шекарашы Владислав Челахтың ісі бойынша басты сот басталды.

Естеріңізге сала кетейік, 30 мамырда “Арқанкерген” бекетінен жанып кеткен 13 шекарашының мәйіттері табылған еді. Кейін тағы бір сарбаздың мүрдесі және шекара бекетінен алыс емес жерден орманшының өлі денесі табылған. Қызметтестерінің өлімін мойнына алған, тірі қалған шекарашы В. Челахқа 9 бап бойынша айыптар тағылды. Атап айтқанда, “Екі немесе одан көп адам өлтіру”, “Адамның жеке затын қолды қылу”, “Құпия материалдарды қымқыру”, “Қару ұрлау”, “Заңсыз қару алып жүру”, “Әскери мүлікті қирату”, “Қашқындық” және “Өзгенің үйіне заңсыз басакөктеп кіру”.

“ҚазАқпарат”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp