«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖАС БАЛУАНДАР ТУРНИРІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Бағлан ҚОЖАҚОВ,

журналист.

Жақында №2 Саумалкөл мектеп-гимназиясында еркін күрестен жасөспірімдер мен қыздар арасында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған І республикалық турнир болып өтті.

Жарысқа Астана, Көкшетау қалаларынан, Ақмола облысының Красный Яр ауылынан, біздің облысымыздың Айыртау, Ғабит Мүсірепов атындағы, Қызылжар, Тайынша аудандарынан келген 130-дан астам балуан қатысты.

Турнирдің салтанатты ашылуында аудан әкімінің орынбасары Аманбек Махметов жарысқа қатысушыларды Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған жарыстың ашылуымен құттықтап, спортшыларға сәттілік тіледі.

Бозкілемге алдымен қыздар шықты. 27, 30, 40, 43, 46, 49, 52 кг. салмақ дәрежелерінде Айыртау балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушылары Қажығали Бадымов пен Әлихан Жүнісовтің тәрбиеленушілері Александра Шамич, Александра Кожаева, Елена Михальская, Сұлушаш Түлендинова, Айя Рақымжанова және Галина Леванавиченелер жеңімпаз атанды. Сөйтіп, қыздар арасындағы күресте 17 медальдың 14-і айыртаулықтарға бұйырды.

Жасөспірімдер арасындағы тартыс әсерлі өтті. Айыртаулық жаттықтырушы Петр Барахтиридидің тәрбиеленушілері Құрманғазы Исбасханов, Вильгельм Мутшаль және Георгий Каракозиди тәуір өнер көрсетіп, жүлделі екінші орындарды иеленді, ал Қажығали Бадымовтың шәкірттері Василий Коржев жеңімпаз атанса, Бауыржан Букуев, Данил Горбулько, Алексей Поливкин, Елдар Шахиев, Айбек Әлімжанов екінші және үшінші орындарды еншіледі. Сөйтіп, жасөспірімдер арасында сарапқа салынған 40 медальдың 10-ы жерлестерімізге бұйырды.

Жас балуандар турнирін ұйымдастырушылар жарысты өткізуге демеушілік қолдау көрсеткен “Айыртау Әліби” ЖШС директоры Александр Палатченкоға, Қарасай-Ағынтай батырлар мемориалдық кешенінің директоры Самеддин Омаровқа және жеке кәсіпкер Асылбек Қадырбековке алғыс білдірді.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp