«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖИЫРМА ШАҚЫРЫЛУШЫ ЖОЛДАМА АЛДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Нұрым ОМАРОВ,

облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің әскери-жұмылдыру және арнайы жұмыс бөлімінің бастығы.

Бұл шараға қатысқан ҚР ТЖМ №52859 әскери бөлімі 2-ші құтқару батальонының штаб бастығы, майор Мейрамбек Батырқұлов пен №68303 әскери бөлімі командирінің орынбасары, майор Арман Әжібеков әскери қызметтің артықшылығы, оның маңызы мен жауапкершілігі жайлы баяндай келе, әрбір Қазақстан азаматы үшін Отан алдындағы азаматтық парызын өтеу қажеттігін, әскер қатарында болу үлкен шыңдалу мектебінен өткенмен бірдей екендігін атап айтты. Әскер жастарды тез есейтіп, шымырлыққа, төзімділікке үйретеді, бойларында ынтымақ пен бірлік қасиеттерін қалыптастырады, қабілеттерін ашады.

ТЖМ офицерлерінің айтуынша, кездесудің басты мақсаты – жастарға Қарулы Күштер жайында ақпар беру арқылы олардың Қарағанды қаласы мен Алматы облысында орналасқан Азаматтық қорғаныс бөлімдерінде әскери борышын өтеуге қызығушылығын ояту. Шара барысында күзгі әскерге шақырушылар зерделеніп, аталмыш ведомствоның әскери бөлімдерінде әскери борышын өтейтін жастар іріктелді.

Сөйтіп, 18 бен 20 жас аралығындағы 20 солтүстікқазақстандық ТЖМ полкіне жолдама алды. Бойы 175 см.-ден төмен емес, денсаулығы мығым, бағдарламашы, жүргізуші және т. б. техникалық мамандығы барлар, байланыс саласының қызметкерлері таңдалды.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp