«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕ ҚҰШТАР жасөспірімдер бозкілемге шықты

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Биылғы жылдың бірінші желтоқсаны – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнінің қарсаңында Елбасымыздың құрметіне спорт жарыстары ұйымдастырылуда.

Кенжегүл ХАМЗИНА,

облыстық ұлттық спорт мектебі

директорының орынбасары.

Қазақ күресінен ұйымдастырылған жарыс – облыстық ұлттық спорт мектебінің ашық жекпе-жектеріне 1995-96 және 1997-98 жылдары туған жас балуандар жиналды.

Жарысқа облыстық спорт түрлерінен балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінің қалалық және ауылдық жерлердегі филиалдарының балуандары қатысты. Барлығы 10 команданың құрамында 55 үміткер бақтарын сынады. Атап айтқанда, Айыртау ауданының Дәуқара, Қарақамыс, Светлое ауылдарынан, Аққайың, Қызылжар, Мамлют, Шал ақын аудандарының елді мекендерінен, Қызылжар қаласындағы қазақ мектеп-гимназиясынан үміткерлер тоғысты.

1995-96 жылдары туғандар арасында жеңіске жеткендер:

51 кг. Нұрболат Көлбаев (Айыртау ауданы, Дәуқара ауылы), 57 кг. Думан Оразтаев (Петропавл қаласы, қазақ мектеп-гимназиясы), 64 кг. Егіс Жолкенов (Шал ақын ауданы, Жаңажол ауылы), 72 кг. Махамбет Айтхожин (Шал ақын ауданы, Жаңажол ауылы), +81 кг. Әмір Лұқпанов (Петропавл қаласы, қазақ мектеп-гимназиясы).

Ал 1997-98 жылдары туған жасөспірімдердің арасында мыналар жеңімпаз болды:

35 кг. Темірлан Жанұзақов (Петропавл қаласы, қазақ мектеп-гимназиясы), 38 кг. Әлихан Төлебаев (Аққайың ауданы, Ленин ауылы), 42 кг. Рахат Алпысов (Айыртау ауданы, Қарақамыс ауылы), 46 кг. Аманжол Сейітқали (Айыртау ауданы, Светлое ауылы), 50 кг. Райымбек Алпысов (Айыртау ауданы, Қарақамыс ауылы), 56 кг. Әнуар Құнанбаев (Айыртау ауданы, Дәуқара ауылы), 66 кг. Семен Вист (Аққайың ауданы, Ленин ауылы), + 66 кг. Абылайхан Өмірзақов (Петропавл қаласы, қазақ мектеп-гимназиясы).

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp