«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЕСЕП БЕРУ – САЙЛАУ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Саумалкөл ауылындағы Ақан сері атындағы Мәдениет үйінде “Нұр Отан” ХДП Айыртау аумақтық филиалының XV есеп беру-сайлау конференциясы болып өтті.

Бағлан ҚОЖАҚОВ,

журналист.

Конференцияда “Нұр Отан” ХДП аумақтық филиалының төрағасы, аудан әкімі Ерлік Жанділдин есепті кезеңде атқарылған жұмыстар мен алдағы міндеттер жайында баяндама жасады.

– Мемлекет басшысы, “Нұр Отан” ХДП Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы халыққа Жолдауы мен “Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам” атты бағдарламалық мақаласы бастауыш ұйымдарда кеңінен талқыланды және толық қолдау тапты. Аудандық филиал “Жас Отан” жастар қанатымен, басқа да қоғамдық, үкіметтік емес ұйымдармен тығыз байланыс орнатып, жастарды отаншылдыққа баулу бағытында жұмыстар жүргізуде. Сол сияқты, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, нашақорлық пен қылмысқа қарсы күресті күшейту, қоршаған ортаны қорғау, діни экстремизмнің алдын алу мәселелері де филиалдың назарынан тыс қалған емес, – деді Ерлік Борисұлы.

Жарыссөзде сөйлеген Төменгі Бұрлық бастауыш партия ұйымының төрағасы Анатолий Иванченко, партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Мырзабай Тұралинов, сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі кеңестің төрағасы Кенжеболат Сәлімжанов және “Жас Отан” жастар қанатының атқарушы хатшысы Аязхан Байманов партия ұйымдарында атқарылған жұмыстарға тоқталды.

Содан кейін аудандық филиалдың саяси кеңесі мен бақылау-тексеру комиссиясының жаңа құрамы және облыстық конференцияға делегаттар сайланды.

Айыртау ауданы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp