«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

8 КӘСІПКЕРГЕ ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛЕДІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстық өңірлік үйлестіру кеңесінің кезекті отырысында бірқатар инновациялық жобалар қаралып, “Бизнестің жол картасы – 2020” мемлекеттік бағдарламасы бойынша 8 кәсіпкерге қолдау көрсетілетін болды.

Кезекті отырысқа өз жобаларын ұсынған кәсіпорындар жүк және жолаушылар тасымалынан бастап, ұн өндіру және ағаш кесу өндірісі сияқты қызметтің бірнеше түрлерімен айналысуды мақсат етіп отыр. Кепілдендіру бойынша жобалар саны арта түскендігі де қуантады. Бұл тұрғыда “Delta Bank” АҚ-ның облыстық филиалы аса белсенділік танытуда.

Мысалы, “Мушкет В.А.” жеке кәсіпорны жылжымалы техникалық бақылау қосыны мен манипулятор краны бар автокөлік сатып алуды жоспарлаған. “Коняева Т.А.” ЖК автобуспен жолаушылар тасуға арналған қызметті кеңейту және жаңғырту үшін кредит қаражатын “ПАЗ” маркалы автобус сатып алуға жұмсауды көздейді. “Петропавловск-Nord” ЖШС мен “Лебедев А.В.” ЖК халықаралық және қалааралық автобус қатынасы бойынша қызмет көрсетуді кеңейту үшін автокөлік алуды мақсат етеді. “Sealiqht” ЖШС автокөліктерді жуу, жылтырату және химиялық тазарту қызметін ұйымдастырғысы келеді. “Русь Норд СК” ЖШС-нің жобасы ағаш кесу және сүргілеу өндірісі арқылы құрылыс материалдарын әзірлеуге, тұрғындарға коммуналдық қызмет көрсетуге арналған. Серіктестік ағаш кесу өндірісін кеңейту және жаңғырту мақсатында құрал-сайман мен автокөлік сатып алуды, тұрғындарға қызмет көрсету барысын жаңғыртуды қолға алмақ.

Үйлестіру кеңесінің отырысында “Бизнестің жол картасы – 2020” бағдарламасының 3-ші бағыты бойынша банк кредиттерінің пайыздық ставкасын жәрдемқаржыландыруға арналған “В-Экономь” және “DEZ” ЖШС-лерінің 2 өтінімі мақұлданды. Олар “Даму” қорының кепілдігі бойынша алатын кредитті ұн экспортын көбейтуге және диірмен кешенінің өндірістік қуатын арттыруға жұмсамақ.

(Өз тілшімізден).

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp