«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР АЛДЫҢҒЫ ҚАТАРЛЫ ОТАНДЫҚ КОМПАНИЯЛАРДЫҢ ИЕГЕРЛЕРІ БОЛАДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Серік ЕСМҰРАТОВ,

“Қазпочта”АҚ СҚФ-ның маркетинг, жарнама және РR секторының жетекшісі.

 

“Қазпочта” АҚ брокер және трансфер-агент ретінде уәкілетті органның лицензиясымен “Халықтық ІРО” бағдарламасын қолға алған сәтте. Ол үшін АҚ-да инфрақұрылымды жақсарту, бағдарламалық қамтамасыз етуді жаңғырту бойынша жұмыс жүргізілді. Бүгінгі күнге дейін елімізде 3040 пошта бөлімшесі трансфер-агенттік қызмет көрсету үшін жабдықталып, әзір етілді. Бұдан басқа көктемнен бері ықтимал инвесторларға алдын ала брокерлік есепшот ашу жұмысы атқарылды. Соның арқасында бүгінгі күнге дейін “Қазпочта” АҚ-да 4368 есепшот ашылды.

Акция облигацияға қарағанда, тәуекелді тетік екендігін естен шығармау керек. Қаржылық нарықта тәуекел жоғары болса, ықтимал табыс та жоғары болады. Бұл жағдайда инвестор табысы акция құны мен дивидендтік табыс бағамының айырмашылығынан құралады. Мемлекет барынша қызығушылық тудыратын ірі ұлттық компаниялардың акцияларын сатылымға шығарып отыр. Бұл инвесторлардың қайталама нарықта бұл қағаздарға қызығушылығын арттыратын болады, сөйтіп, баға белгіленімінің өсуіне әкеліп соғады. Биржада айналымда жүрген бағалы қағаздар құнының өсімінен алынған пайдаға табыс салығы салынбайтындығын еске саламыз.

Дивиденд компанияның таза пайдасынан төленеді. Компанияның 2012 жылғы таза пайдасы компанияның есепті шоғырландыруынан кейін 2013 жылы сәуір айында белгілі болады.

Егер сіз акцияны 2012 жылы сатып алсаңыз, дивиденд таза пайда болған жағдайда, дивидендтерге төлем төлеуге бағытталатын сома туралы шешім шығаратын акционерлер жиналысынан кейін 2013 жылы мамыр айында төленеді.

Қабылданған шешімге байланысты акционерлер жиналысы дивиденд төлеу немесе төлемеу бойынша ниетін БАҚ-та жариялайды.

Мысалы, “А” компаниясы таза пайдасының барлығын дивиденд төлеуге бағыттауды шешті. Оның таза пайдасы 1000 теңгені құрады. Барлығы 10 жай акция шығарылып, сатылды. Онда жай акция ұстаушылар дивиденд алады (10 акция/ 1000 теңге=1 акцияға 100 теңге).

Дивиденд мынадай үш жағдайда төленбейді:

1) компания шығынға батқанда;

2) дивиденд компанияны шығынға душар ететін болса;

3) акционерлер жиналысы дивиденд төлемеуге шешім қабылдаса.

“Қазпочта” АҚ “Халықтық ІРО” бағдарламасы бойынша сатып алған акцияларын қайтадан сатып жіберуге ниет білдірген инвесторлар мына жағдайларға назар аударғаны жөн. Бір-екі акцияны сатып алу экономикалық жағынан тиімді мәміле болып саналмайды, өйткені брокердің комиссиясы мәміле сомасынан асып кетеді.

Акцияларды сатып алу және сатуға арналған брокер комиссиясы мынадай:

– “Қазпочта” АҚ-да: 2231 акцияға дейін (1617475 теңге сомасына) – 809 теңге. 1617475 теңгеден асатын сомаға акциялар сатып алғанда комиссия мәміле сомасының 0,05 пайызын құрайды.

Бағалы қағаздар ең тәуекелді инвестициялық тетік болып саналады. 100 пайыздық табысқа кепілдік жоқ. Белгілі бір кезеңде акция бағасының өсуі, сол сияқты алғашқы орналастырылған бағасынан азаюы мүмкін.

“Халықтық ІРО” бағдарламасы бойынша инвестициялауға арналған шешімді инвестор қабылдайды.

Сондықтан “Қазпочта” АҚ инвесторларға ең төменгі тиімді салым сомасын ұстап тұруды және инвестициялық шешім қабылдау үшін нарық пен жаңалықтарды қадағалап отыруды ұсынады.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp