«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 21.11.2012

ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТТІҢ ФОТОКӨРМЕСІ АШЫЛДЫ

  Бұрнағы күні облыс орталығындағы бейнелеу өнері мұражайында еліміздің Тұңғыш Президентінің күніне орайластырылған “Ұлт көшбасшысы” ретроспективті фотокөрме ашылды.   Арайлым СМАҒҰЛОВА, “Солтүстік Қазақстан”. Көрменің мақсаты – Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өңірімізге жасаған жұмыс сапарларының фотоиллюстрациялары арқылы жергілікті тұрғындарға қала мен облысымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі кезеңдерін көрсету. Көрмеге Александр Коротков пен Виталий Власенконың 1991 жылдан бастап …

ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТТІҢ ФОТОКӨРМЕСІ АШЫЛДЫ Read More »

ШРИ-ЛАНКАНЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ МӘДЕНИЕТ КҮНДЕРІ

Астана қаласындағы Бейбітшілік және Келісім сарайында Шри-Ланканың Қазақстандағы Мәдениет күндері аясындағы концертті тамашалауға Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Шри-Ланка Демократиялық Социалистік Республикасы (ДСР) Президенті Махинда Раджапаксе келді, деп хабарлады Қаз-Ақпарат. Бұл шаралар Қазақстан Республикасы мен Шри-Ланка ДСР арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың 20 жылдық мерейтойына арналған. Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Шри-Ланка Республикасының Президенті Махинда Раджапаксамен кездесу …

ШРИ-ЛАНКАНЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ МӘДЕНИЕТ КҮНДЕРІ Read More »

“ҚАРАҒАНДЫ ИНВЕСТ-2012″ ФОРУМЫ

21 қарашада “Қарағанды Инвест-2012” III-халықаралық инвестициялық форумы ашылды, деп хабарлады ҚазАқпарат. Форумның басты мақсаты – қолайлы инвестициялық жағдайды жақсарту және Қазақстанның үдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында облыс экономикасына отандық және шетелдік инвестиция тартуды одан әрі ынталандыру. Форумда нақты инвестициялық жобаларды талқылау және облыстық кәсіпорындарының инвестициялық жобалары бойынша дерекқор алудың нақты мүмкіндігі ұсынылды. Шараны ел …

“ҚАРАҒАНДЫ ИНВЕСТ-2012″ ФОРУМЫ Read More »

“АРМАН! ЕҢБЕК! СЕНІМ!”

  Елордада “Арман! Еңбек! Сенім!” деген ұранмен “Жас Отан” жастар қанатының II съезі өтті. Оған қатысып қайтқан облыс делегаттары өз ойларымен бөлісті. Диляра БАҚТЫБАЕВА, “Жас Отан” жастар қанатының Белсендісі.   Астана қаласының “Сарыарқа” республикалық велотрегінде өткен “Жас Отан” жастар қанатының ІІ съезінде сөз сөйлеген Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жастарға осындай үндеу тастап, бірлік пен ынтымақ …

“АРМАН! ЕҢБЕК! СЕНІМ!” Read More »

ІІІ ЕУРАЗИЯЛЫҚ ӘЙЕЛДЕР САММИТІ БАСТАЛДЫ

Кеше Астанада үш күнге жалғасатын ІІІ Еуразиялық Әйелдер саммиті өз жұмысын бастады. “Бүгінде ерлермен тең дәрежеде “Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамын” 3 миллионнан астам әйелдер құруда. Олардың басым бөлігі жеке бизнес бағытында табысты жұмыс істеп жатыр. ЖІӨ-ні қалыптастыруда олардың үлесі 40 пайызға жуық көрсеткішті құрап отыр”, – деді ҚР Президенті жанындағы Әйелдер ісі және отбасыдемографиялық саясат …

ІІІ ЕУРАЗИЯЛЫҚ ӘЙЕЛДЕР САММИТІ БАСТАЛДЫ Read More »

ЕР ЖІГІТКЕ ТӘУЕКЕЛ ЖАРАСАДЫ Айтқали КӘКЕНОВ, зейнеткер.

“Халықтық IPO” туралы естіген бойда осы қаржы биржасына қатысуды жөн көрдім. Шыны керек, оның қолға алынуын көп тосып қалдық. Өзімнің жиған-тергенімді осы мақсатқа сақтап жүрген едім, бірақ жақында көлік алып, бар қаржымды соған жұмсап жібердім. Сөйтіп, “ҚазТрансОйл” АҚ-ның бағалы қағаздарынан құр қала жаздадым. Десек те, қолымда бар қаржыға оның 20 данасын сатып алып отырмын. Әлі …

ЕР ЖІГІТКЕ ТӘУЕКЕЛ ЖАРАСАДЫ Айтқали КӘКЕНОВ, зейнеткер. Read More »

ҰРПАҚҚА СЫЙЛЫҚ – 150 АКЦИЯ

Валентина СМИРНОВА, зейнеткер. “Халықтық IPO” – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен қолға алынып отырған бағдарлама. Оның үстіне бұл табыс көзі шетелдерде айналысқа енгізілгелі қашан?! Нәтижесінде олар халықтың тұрмысы жақсарып, ел экономикасына елеулі үлес қосылды, деп мақтан ете алады. 70 жасқа аяқ басқан менің акция жинап, болашағымды қамсыздандырамын дегенім бекер сөз болар. Құдайға тәубе, артымнан ерген ұрпағым …

ҰРПАҚҚА СЫЙЛЫҚ – 150 АКЦИЯ Read More »

ПАРИЖДЕ EXPO – 2017 КӨРМЕСІНЕ ҚАТЫСТЫ БАСПАСӨЗ МӘСЛИХАТЫ ӨТТІ

Парижде 2017 жылы EXPO Халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізуге кандидат қалалар – Астана және Льеж өкілдері жиналған баспасөз мәслихатында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Қайрат Келімбетов неліктен бұл көрмені Қазақстан астанасында өткізу керектігі жөнінде әңгімелеп берді, деп хабарлады ҚазАқпарат. Ол Қазақстан өз Тәуелсіздігін 20 жыл бұрын алғанын және осы жылдары орташа табысы бар тез қарқынмен дамып келе жатқан …

ПАРИЖДЕ EXPO – 2017 КӨРМЕСІНЕ ҚАТЫСТЫ БАСПАСӨЗ МӘСЛИХАТЫ ӨТТІ Read More »

САФУАН СЫНДЫ ШӘКІРТТЕРІ БАР

Қойшыбай ШӘНИЕВ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі.   М.Ахметбеков атындағы орта мектепте осы білім ордасын 1943-1963 жылдар аралығында басқарып, ауыл мектебінің абыройын асқақтатқан Шияп Садықовтың атындағы математика кабинеті ашылды. Лентаны салтанатты түрде қию құрметі Шәкеңнің Қызылжар қаласынан арнайы келген шәкірті Әсима Қожабекова мен Әмина Бекпасоваға бұйырды.

4500-ден АСТАМ КИНОТУЫНДЫНЫ САҚТАҒАН мұндай орталықты жөн-ақ шығар мақтаған…

Бақытжан ЖОЛДАСҚЫЗЫ, “Солтүстік Қазақстан”. Қызылдардың көсемі Владимир Ленин кино өнерін “барлық өнердің маңыздысына” балап, халықты бір шоқпардың астында ұстаудың тәсілі ретінде пайдаланғаны тарихтан белгілі. Әр адам зауыттың бір бұрандасы деп есептеліп, жаппай жұмысқа тартылған уақытта халықтың көңілін бір марқайтатын комедиялар мен мелодрамалар жарық көрген. Шекспирдің “Гамлеті” мен “Макбет” сынды кинокартиналарға шектеу қойылғанды. Тарихи картиналар түсірілсе, …

4500-ден АСТАМ КИНОТУЫНДЫНЫ САҚТАҒАН мұндай орталықты жөн-ақ шығар мақтаған… Read More »

АЙДЫҢ-КҮННІҢ АМАНЫНДАҒЫ АТЫС-ШАБЫС

Ерлан МАХМЕТОВ, СҚО ІІД баспасөз қызметінің инспекторы.   Аққайың ауданының Тоқшын ауылында екі кештің арасында атыс-шабыс пен қуғын оқиғасы тіркелді. Петропавл қаласынан “Мерседес” автокөлігіне мінген 4 облыс тұрғыны Тоқшын ауылына келген. Мақсаттары – жақында осы ауылда төртеуінің бірінің бауырын соққыға жыққаны үшін “есеп айрысу”. Кек алуға келгендердің үйлерді шатастырып терезеге атқан оғы 33 жасар тұрғынға …

АЙДЫҢ-КҮННІҢ АМАНЫНДАҒЫ АТЫС-ШАБЫС Read More »

ТӘРТІП БҰЗҒАН ӘСКЕРИЛЕР ауыл азаматы прокуратураның араласуынан соң ғана үйіне босатылды

Жамбыл аудандық прокуратурасы ішкі істер бөлімінде тексеріс жүргізу кезінде тұлғаны заңсыз қамауда ұстау бойынша фактіні анықтады. Жамбыл ауданының Орталық ауылының М. деген тұрғыны әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін 2012 жылдың 21 қазанында аудандық ішкі істер бөліміне (АІІБ) жеткізілген. Заң бойынша бұл тұлға әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарағанға дейін мұнда тек 48 сағат бойы қамауда …

ТӘРТІП БҰЗҒАН ӘСКЕРИЛЕР ауыл азаматы прокуратураның араласуынан соң ғана үйіне босатылды Read More »

ЕСІРТКІГЕ ҚАТЫСТЫ ҚЫЛМЫС АЗАЙҒАНЫМЕН, кінәлілерді анықтау қиынға соғып тұр

Облыстық сотта құқық қорғау органдары өкілдерінің қатысуымен есірткі заттарының заңсыз айналымына байланысты құқық бұзушылық пен қылмыстық істерді қарастыру кезінде туындайтын мәселелер бойынша семинар өтті. Гүлбике ТӨЛЕБАЕВА, “Солтүстік Қазақстан”. Облыстық соттың қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы Ербол Рахымбеков семинарды аша отыра, бұл тақырыптың өзектілігін баса айтты. 2012 жылдың 9 айында анықталған және тіркелген есірткі …

ЕСІРТКІГЕ ҚАТЫСТЫ ҚЫЛМЫС АЗАЙҒАНЫМЕН, кінәлілерді анықтау қиынға соғып тұр Read More »

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАП, СЫЙАҚЫ АЛЫҢЫЗ!

Нұрлан ШАБДАР, Облыстық экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің (қаржы полициясының) бастығы.   Сыбайлас жемқорлықпен күрес біздің елдің қазіргі даму кезеңінде жалпы мемлекеттік және стратегиялық міндеттердің бірі болып қалып отыр. Сондықтан да Қаржы полициясы агенттігі мен оның аумақтық бөлімшелері сыбайлас жемқорлықты анықтау, жолын кесу, алдын алу жөніндегі жұмыстарын қарқынды түрде жалғастыруда. Сыбайлас жемқорлық, …

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАП, СЫЙАҚЫ АЛЫҢЫЗ! Read More »

“ТАМЫРЫМЫЗ”– ТАҒДЫРЫ БІР ТУЫСҚАН!

Бәрімізге белгілі сол жылдары елімізге 2263 қалмақ, 6000 ирандық, 21150 түрік, 27833 балқар, 31000 белорус, 45529 қарашайлық, 53000 украиндық, 81495 литвалық, 89901 шешен-ингуш, 102000 кәріс, 441712 неміс жер аударылған. Мұндай құраммен адамның ең қастерлі сезімі – ізгілік араласпаса, ел болып кетуіміз неғайбіл еді. Арайлым СМАҒҰЛОВА, “Солтүстік Қазақстан”. Әкемнің көрші ауылда ұлты неміс тамыры – Виктор …

“ТАМЫРЫМЫЗ”– ТАҒДЫРЫ БІР ТУЫСҚАН! Read More »

КӨРШІМІЗГЕ КӨЗ САЛЫП, үйреніп, үлгі алсақ қой!

2010 жылдан бастап Қазақстан Бокс федерациясының жарыстары өтіп келеді. Оған он төрт облыстың және Астана мен Алматы қалаларының құрама командалары қатысып, бас жүлдені сарапқа салады. Өкінішке қарай, біздің өңірдің боксшылары жекпе-жектердің алғашқы сынағынан-ақ сүрініп, көштен қалып қойып жүр. Зейнолла ӘКІМЖАНОВ, “Солтүстік Қазақстан”. Бокс Қазақстан спортының даңқын әлемге шығарғанын, өзге спорт түрлеріне қарағанда Еуропа, Әлем, Олимпиада …

КӨРШІМІЗГЕ КӨЗ САЛЫП, үйреніп, үлгі алсақ қой! Read More »

ӨЗ ЖЕТІСТІКТЕРІМЕН ОҚУШЫЛАРЫНА ӨНЕГЕ

Гүлгүл ҚУАТҚЫЗЫ, “Солтүстік Қазақстан”. Думан Серғалиев – М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-дің дене шынықтыру факультетінің түлегі, грек-рим күресінен спорт шебері. Ол сияқты білікті де білгір мамандар жас жеткіншектерді спортқа бейімдеуде үлкен үміт күттіреді. Сондай-ақ білім беру мекемесінің техникалық базасы жақсы болса, нұр үстіне нұр. Думан Серғалиұлы Мамлютка қаласында 2009 жылы ашылған қазақ мектеп-интернатында ауыр атлетикадан жаттықтырушы …

ӨЗ ЖЕТІСТІКТЕРІМЕН ОҚУШЫЛАРЫНА ӨНЕГЕ Read More »

БЕКСЕЙІТТІҢ БАЛУАНДАРЫН БАПТАҒАН “Жолы болғыш жігіт” жайлы

Қолға қалам алғалы ірге бөлмей келе жатқан тақырыбымның бірі спорт болғандықтан және қырық жылдың мұғдарында қаншама ірілі-ұсақты жарыстарды тамашалай жүріп, облысымыздың көптеген спортшыларымен, жаттықтырушыларымен жақын араласып, таныс болып кеттім. Әсіресе, ауылдарда тұратын, ел ішіндегі қарадомалақтарды баптайтын жігіттерге ілтипатым екенін айтпай отыра алмаймын. Сондай азаматтың бірі Мамлют ауданындағы Бексейіт ауылында тұратын жаттықтырушы Амандық Нұрғожинді соңғы жылдары …

БЕКСЕЙІТТІҢ БАЛУАНДАРЫН БАПТАҒАН “Жолы болғыш жігіт” жайлы Read More »

ОТАНДЫҚ ОТАU ТV өз абоненттерінің санын бір миллионға жеткізуді көздейді

Қазір қай істе болсын ең соңғы ақпаратпен қаруланған жанның аты озатын күн туды. Бұл ретте қала тұрғындарының Құдайы беріп тұр десе болады. Мұнда бүкіл газет-журналдар шоғырланған, теледидарды қоссаң, арналар көптігінен көз сүрінеді, оны көруге ерінгендері ғаламторға еніп, өзіне қажет ақпаратты ала алады. Ал ауыл халқының әсіресе, шалғай орналасқан елді мекен тұрғындарының ақпараттан біраз шетқақпай отырғаны …

ОТАНДЫҚ ОТАU ТV өз абоненттерінің санын бір миллионға жеткізуді көздейді Read More »