«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТТІҢ ФОТОКӨРМЕСІ АШЫЛДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

 

Бұрнағы күні облыс орталығындағы бейнелеу өнері мұражайында еліміздің Тұңғыш Президентінің күніне орайластырылған “Ұлт көшбасшысы” ретроспективті фотокөрме ашылды.  

Арайлым СМАҒҰЛОВА,

“Солтүстік Қазақстан”.

Көрменің мақсаты – Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өңірімізге жасаған жұмыс сапарларының фотоиллюстрациялары арқылы жергілікті тұрғындарға қала мен облысымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі кезеңдерін көрсету. Көрмеге Александр Коротков пен Виталий Власенконың 1991 жылдан бастап 2012 жылға дейін түсірілген 40-қа жуық аққара және түрлі түсті фотолары қойылған.

Танымды да қызықты фотокөрмені тамашалауға облыс орталығындағы мектеп оқушыларының алғашқы легі келді. Оларды фотограф Александр Коротков, облыстық ардагерлер кеңесінің мүшесі Нэлли Иванова және жергілікті Ассамблея мүшелері қарсы алды. Олар Елбасының Қазақстанның дамуына қосқан зор үлесі туралы әңгімелегеннен кейін, мұражайдың директоры Ирина Паламарчук оқушыларға әр фотоның тарихын сол жылдары газет бетіндегі жарияланған мақалалармен байланыстырып, түсіндірді.

Суреттерді түсірген Талғат ТӘНІБАЕВ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp