«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АЙДЫҢ-КҮННІҢ АМАНЫНДАҒЫ АТЫС-ШАБЫС

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Ерлан МАХМЕТОВ,

СҚО ІІД баспасөз қызметінің инспекторы.

 

Аққайың ауданының Тоқшын ауылында екі кештің арасында атыс-шабыс пен қуғын оқиғасы тіркелді.

Петропавл қаласынан “Мерседес” автокөлігіне мінген 4 облыс тұрғыны Тоқшын ауылына келген. Мақсаттары – жақында осы ауылда төртеуінің бірінің бауырын соққыға жыққаны үшін “есеп айрысу”. Кек алуға келгендердің үйлерді шатастырып терезеге атқан оғы 33 жасар тұрғынға тиген. Өздерінің қателіктерінен сескенбестен, олар керекті үйді іздеп тауып, қожайынды далаға шығарып алған. Тапаншаны тақап тұрып атып жібергенде, абырой болғанда, оқ атылмай қалған. Жақын маңнан өтіп бара жатқан Бескөл ауылының тұрғыны көшедегі шуды естіп, көмектеспек болады. Осы кезде тағы бір атыс естіледі. Бұл жолы оқ көмекке келген бескөлдікті жаралайды. Жәрдемге жеткен ауыл тұрғындарынан қашқан төртеуі шолақ мылтық пен куртканы тастай қашқан. Шақыртуға келген аудандық ішкі істер бөлімінің полицейлері қашқандарды темір жол өткелінде қуып жетіп, екеуі сол жерде ұсталды. Қалғандары қашып құтылды, алайда қалаға жетер жерде тағы бір күдікті қолға түсті. Жараланғандар ауруханаға жеткізілді.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ұсталғандардың барлығы уақытша қамау абақтысына жабылды.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp