«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЕСІРТКІГЕ ҚАТЫСТЫ ҚЫЛМЫС АЗАЙҒАНЫМЕН, кінәлілерді анықтау қиынға соғып тұр

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстық сотта құқық қорғау органдары өкілдерінің қатысуымен есірткі заттарының заңсыз айналымына байланысты құқық бұзушылық пен қылмыстық істерді қарастыру кезінде туындайтын мәселелер бойынша семинар өтті.

Гүлбике ТӨЛЕБАЕВА,

“Солтүстік Қазақстан”.

Облыстық соттың қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы Ербол Рахымбеков семинарды аша отыра, бұл тақырыптың өзектілігін баса айтты.

2012 жылдың 9 айында анықталған және тіркелген есірткі қылмыстарының саны айтарлықтай азайған. Бұл санаттағы қылмыстардың саны 29,7%-ға (202-ден 142-ге дейін) және есірткі тасымалдау, сату бойынша қылмыс жасағандар саны 28,5%-ға (95-тен 68-ге дейін) төмендеген. Тәркіленген есірткі заттарының мөлшері 31,6%-ға азайып отыр. Жағдайдың бұлай болуына ҚР Қылмыстық кодексінің 259-бабы 1-бөлігінің қылмыс деп танылмауы себеп болды, дейді заңгерлер.

Семинар барысында есірткі заттарын өткізуге байланысты қылмыстық істерді тергеу әдістемесі, қылмыстарды саралау бойынша, сонымен бірге есірткі заттарының заңсыз айналымына байланысты қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылыққа қатысты істерді қарастыру мәселелері талқыланды. СҚО ІІД тергеу басқармасы бастығының орынбасары Бибігүл Қариеваның айтуынша, полицейлер есірткі заттарын дайындаумен және өткізумен айналысатын, әрі іс жүзінде осы заттардың иесі болып табылатын адамдарды қылмыстық жауапқа тарту барысында үлкен қиындыққа тап болады екен. Өйткені, аталмыш тұлғалар жасырын әрекет етеді, сондай-ақ есірткі заттарын тек сенімді адамдар арқылы таратады.

Петропавл қалалық сотының судьясы Михаил Гусев есірткі заттарының заңсыз айналымына байланысты қылмыстық істерді қараудың сот тәжірибесіне тоқталып өтті. Ол: “Аса ірі мөлшер 1 грамды құрайды. Осыған орай ҚР ҚК 259-бабы 1-1-бөлігі бойынша үш жылға бас бостандығынан айыру түріндегі ең төмен жаза көзделген. Әрі жаза мөлшеріне героиннің 1 грамнан көбірек мөлшері әсер етпейді. Сотталушы 1 грамнан көбірек есірткінің заңсыз айналымы үшін, 10 грамм, одан көп мөлшердің заңсыз айналымы үшін бірдей жаза алуы мүмкін. Өзге елдердегі ұқсас қылмыстар үшін тағайындалатын қылмыстық жазаны салыстыратын болсақ, жаза мөлшері есірткі затының салмағына байланысты екенін көруге болады, осы есірткінің заңсыз айналымы үшін адам қылмыстық жауаптылыққа тартылады. Жазаны тағайындау мәселесін талқылап, қажет болған жағдайда қылмыстық заңға өзгеріс енгізуге бастама жасау қажет”, – деген ойын білдірді.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp