«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТӘРТІП БҰЗҒАН ӘСКЕРИЛЕР ауыл азаматы прокуратураның араласуынан соң ғана үйіне босатылды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Жамбыл аудандық прокуратурасы ішкі істер бөлімінде тексеріс жүргізу кезінде тұлғаны заңсыз қамауда ұстау бойынша фактіні анықтады.

Жамбыл ауданының Орталық ауылының М. деген тұрғыны әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін 2012 жылдың 21 қазанында аудандық ішкі істер бөліміне (АІІБ) жеткізілген. Заң бойынша бұл тұлға әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарағанға дейін мұнда тек 48 сағат бойы қамауда болу керектін. Әкімшілік қамаудың мерзімі күдіктіні бөлімге жеткізу уақытынан басталады. Ал Орталық ауылының азаматы болса АІІБ-де 48 сағат емес, үш күннен астам уақыт бойы отырып шыққан. Прокуратура қаулысымен бұл азамат 24 қараша күні полиция ғимаратынан босатылды. Оның конституциялық құқығын бұзғаны үшін прокуратура ұсынымы бойынша Жамбыл АІІБ қызметкері тәртіптік жазаға тартылды.

Облыстық прокуратураның баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp