«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҰРПАҚҚА СЫЙЛЫҚ – 150 АКЦИЯ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Валентина СМИРНОВА,

зейнеткер.

“Халықтық IPO” – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен қолға алынып отырған бағдарлама. Оның үстіне бұл табыс көзі шетелдерде айналысқа енгізілгелі қашан?! Нәтижесінде олар халықтың тұрмысы жақсарып, ел экономикасына елеулі үлес қосылды, деп мақтан ете алады.

70 жасқа аяқ басқан менің акция жинап, болашағымды қамсыздандырамын дегенім бекер сөз болар. Құдайға тәубе, артымнан ерген ұрпағым бар, солардың ертеңгі күні мені қатты толғандырады. Бүгінде балаларым өмірден өз орындарын тапты. Ал олардан кейін немерелерім ержетіп келеді. Сондықтан 87-ге келген анам екеуіміз ақылдаса отырып, менің немерелеріме, оның шөберелеріне естелікке бір сыйлық тастап кетуді жөн көрдік. Сондағы ортақ шешіміміз – екеуіміздің екі айлық зейнетақымызды қосып, жергілікті “Қазпочта” АҚ бөлімшесінен “Қаз-Транс-Ойл” АҚ-ның 150 акциясын сатып алуға шот ашу болды.

Біз осы жасқа дейін өмірдің талай асуларын көрдік. Талай рет ертеңімізді ойлап, қаржы жинау тетіктеріне сенім артып, ақшамыздан айрылған күндер де болды. Десек те, осы бағдарлама біздің көңілімізге жағады. Өйткені, оны мемлекет қолдап отыр. Мүмкін, бір кездері компанияның бағалы қағаздарының құны түсіп кетер, бірақ, оған өкінбеймін де, сатпаймын. Немерелеріме де осыны айтып жүремін. Болашақта мұндай ірі компаниядан өз дивидендімізді көретінімізге сенім мол. Бұл анам екеуіміздің ұрпағымызға жасаған азын-аулақ сыйлығымыз болмақ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp