«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“ЕСІЛДІҢ” ЕНШІСІ – алтыншы орын

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Ұлттық лигада ойнайтын ерлер командалары еліміздің волейболдан ХХІ чемпионатының кезекті турында 11-18 қарашада Ақтөбе облысының Хромтау қаласында бас қосты. Бұл жеті команда осы ойындармен алғашқы турды тамамдады.

Ойындар нәтижесінде көшті “Алматы” клубының волейболшылары бастады. Олардың 14 ұпайы бар. Екінші орындағы “Атырау” волейболшылары да осынша ұпай жинады. Олар алматылықтарға ойналған партиялардағы коэффициент айырмашылығы бойынша жол берген.

Үшінші орынға “Павлодар” командасы шықты.

Бұл лигада біздің қаламыздың “Есіл” командасы да ойнайды. Жерлестер 6 ұпаймен жеті клубтың арасында алтыншы орынға жайғасқан. Олардың қарсыластармен өткізген кездесулерінің нәтижелері мынадай:

11 қараша. “Атырау” – “Есіл” 3:1.

13 қараша. “Есіл” – “Конденсат” (Орал) 3:2.

14 қараша. “Павлодар” – “Есіл” 3:1.

16 қараша. “Есіл” – “Алматы” 0:3.

17 қараша. “ТНК Казхром” (Хромтау) – “Есіл” 3:2.

18 қараша. “Есіл” – “Шығыс-СвинецСтрой” ( Өскемен) 3:0.

Екінші турдың ойындары 7-16 желтоқсан аралығында Павлодарда өтеді.

Облыстық туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp