«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

КАПИТАН ҚЫЗЫНЫҢ ӘКЕСІНЕ АРНАҒАН СЫЙЛЫҒЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

 

Фархат ТАСТАМБЕКОВ,

“Солтүстік Қазақстан”.

6 жасар Томирис Манапова жол полицейлері күні қарсаңында өзінің әкесіне тамаша сыйлық жасады. Петропавл қаласындағы “Петушок” балабақшасының тәрбиеленушісі ЮНЕСКО клубы ұйымдастырған Халықаралық балалар байқауы фестивалінің жеңімпазы атан ды.

Жас дарынның Алатаудай қадір тұтатын әкесі Айдын Байматов жол полициясы батальонының бөлімше командирі болып қызмет атқарады. Сондықтан кей уақыттары үйіне жұмысынан кеш оралады, кейде іссапармен алыс аудандарға кетіп қалады. Томирис әкесін сирек көрсе де, оның жұмысы қызықты әрі өте маңызды екенін білді.

Әкесін қатты сағынған кезде Томирис сурет салуға кіріседі екен. Оның полицей көлігі, жолдағы балалар, қызметтік формадағы әкесіне арнаған суреттері жетіп артылады.

Осындай сезіммен туған туындыларының бірі жуықта халықаралық байқауда үздік атанды. “Балалар әлемді бейнелейді” атты конкурсқа Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан мен Тәжікстан балаларының 200-ден астам жұмысы ұсынылған болатын. Соның ішінде жерлесіміздің кішкентай қыз бейнеленген суреті ерекше бағаланды. Бұл – Томиристің әдемі әлемі.

Полиция капитаны қызының өскенде еліміздің абыройлы азаматы болғанын қалайды. Ол үшін жұмысының ауырлығына, уақытының жоқтығына қарамай, бауыр етінің шығармашылық дамуына үнемі көңіл бөліп, үлесін қосуға тырысып бағады.

Томиристің суреті “Балалар әлемді бейнелейді” жобасын жүзеге асыру аясындағы балалар шығармашылығы кітабында шығарылады.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp