«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖӘРМЕҢКЕ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавлдағы Н.Погодин атындағы облыстық орыс драма театрында Үндістан, Түркия және Ресей тауарларының халықаралық жәрмеңкесі өтуде.

Гүлбике ТӨЛЕБАЕВА,

“Солтүстік Қазақстан”.

“Үнді мен цейлон шайларына сұраныс көп. Мұнда табиғи тастардан жасалған әшекей бұйымдарының бірнеше түрі бар. Қыз-келіншектер бірінен-бірі естіп, жәрмеңкемізге ағылып келіп жатыр”, – дейді шара ұйымдастырушысы Мунира Әбидходжаева.

Расында да, қанық түсті сырғалар мен білезіктер көздің жауын алады. Әсіресе, інжуден жасалған сәнді әшекейлер қызықтырады. Қолдан безендірілген түрлі түсті үнді көйлектері мен мұсылман паранжылары 5-10 мың теңгеден сатылып жатыр. Жәрмеңкеге келгендердің басым бөлігінің әйел адамдар болуы сондықтан. Мұнда кәдесыйлардың жүздеген түрі бар. Пәле-жаладан, тіл-көзден сақтайтын заттардың барлығы қолдан жасалыпты.

Жәрмеңке ұйымдастырушысы Мунира Әбидходжаеваның айтуынша, сауда Қазақстанның барлық қалаларында өтеді. Біздегісі қарашаның 26-сына дейін жұмыс істейді.

Суреттерді түсірген Талғат ТӘНІБАЕВ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp