«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“АРМАН! ЕҢБЕК! СЕНІМ!”

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Айнара ЖАҚСЫМБАЕВА,

“Жас Отан” жастар қанатының белсендісі.

Мен “Жас Отан” жастар қанатының Ақжар аудандық филиалының атқарушы хатшысы ретінде жуырда Астанада Елбасының қатысуымен өткен “Жас Отан” жастар қанатының ІІ съезінен өте үлкен әсер алып оралдым.

Біріншіден, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлын көзбен көріп, жиында сөйлеген сөзін тыңдау мен үшін аса маңызды болды. Ұлт Көшбасшысы залға кіріп келгенде “Ұлы адамдардың бойынан тараған қуат маңайындағыларға күшқайрат береді” деген сөздің ақиқаттығына көзім жеткендей болды.

Екіншіден, еліміздің барлық аймақтарынан жиналған белсенді жастармен танысып, өзара пікір алмасып келдік.

“Еліміздің болашағы – білімді жас ұрпақ” деп осы жолы да атап өткен Елбасы жастарды еліміздің барлық саласына белсене араласуға шақырды. Ұлт көшбасшысының айтуына қарағанда, Қазақстанда 14 пен 19 жастың аралығындағы жастардың саны 5 миллионға жетіп, мемлекет олардың баспанамен қамтылуы үшін қолдан келгенді жасап отыр, еліміздегі жастар саясатын жетілдіру үшін соңғы 7 жылда бөлінген қаражат 10 есеге өскен.

Сонымен съезд өтті. Жиналған жастар қауымы 2020 жылға дейін жұмыс бағдарын айқындаған бас құжатын қабылдаса, Елбасы бізден бар ақылын аямады.

Ақжар ауданы.

* * *

Аязхан БАЙМАНОВ, 

“Жас Отан” жастар қанатының белсендісі.

“Жас Отан” жастар қанатының съезі жасотандықтарға ғана емес, барлық қазақстандық жастар үшін ерекше маңызды оқиға болып табылады. Өйткені, ол жалпы жастар саясатын дамыту ісіне жаңа бағыт, жаңаша қарқын береді. Жалынды жастардың құрылтайында болған жүзге тарта солтүстікқазақстандық “Нұр Отан” ХДП “Жас Отан” жастар қанатының 2020 жылға дейінгі “Жастар – Отанға” стратегиясының қабылдауына өз дауыстарын беріп, осынау тарихи құжаттың бекітілуінің куәгері болып қайтты. Жаңа құжат енді ел бойынша жүзеге асырылатын болады. Осы құжат аясында “Жас Отан” мен мемлекеттік органдар бірлесіп жұмыс істемек.

Жаңа заман жастардың білім мен біліктілікке талпынып, әрекеттенуін, еңбектеніп өсуін талап етіп отыр. Сондықтан “Жас Отанның” жаңа стратегиясы елді жаңғыртудың ауқымды міндеттерін атқаратындығына, жастардың білім мен еңбекті ұштастырып, ел игілігіне қызмет ететініне Елбасы сенеді. Сондықтан біз де, өз кезегімізде Ұлт Көшбасшысының сенімін ақтауға тырысып бағамыз!

Айыртау ауданы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp