«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

КИКБОКСТАН ЕЛ КУБОГЫ БАСТАЛДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыс орталығындағы бокстан балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде Президент күніне орай дәстүрлі “Қызылжар” турнирі аясында кикбоксингтен ел кубогы басталды. Осымен 13-ші рет ұйымдастырылып отырған жарысқа 14 облыс пен Астана, Алматы қалаларының 170-ке жуық спортшы қатысуда. Бірнеше күнге созылатын бұл сайысқа халықаралық дәрежедегі төреші Талап Мұхитов бастаған қазылар алқасы төрелік жасайтын болады.

Қанат АТАМАНОВ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Облыстық туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының мұрындық болуымен өткізілген доданың шымылдығын аталмыш басқарма бастығының орынбасары Серік Жарасбаев пен кикбокстан ҚР бас жаттықтырушысы Қайрат Смағұлов ашып, спортшыларға бәсекелі жарыста сәттілік пен таза жеңіс тіледі.

Жас кикбоксшылар К-1 және фулконтакттан 10 салмақ дәрежесі бойынша сынға түскен додада алғашқылардың бірі болып қызылжарлық Самат Қадырбеков пен астаналық Сергей Трифонов айқасты. Жерлес кикбоксшы раундтың алғашқы минутынан бастап шаршы алаңда белсенді болса, раундтың соңында оның көк бұрыштағы қарсыласы сылбырлығы үшін төрешіден ескерту алды. Ереже бойынша бір раундта аяқпен алты рет соққы жасап үлгеру қажет. Төрешілердің шешімімен жеңіс әрқайсысы екі минуттық үш раундтан құралған ұрыста ширақ қимылдап, басымдылық танытқан Самат Қадырбековке бұйырды.

Ел біріншілігінің үздік спортшылары кикбоксингтен ұлттық құрамаға енгізіледі.

Яғни, Азия чемпионатына қатысып ел намысын қорғайтын болады. Бұл турнирдің жеңімпаздары жексенбі күні анықталмақ.

Суретті түсірген

Амангелді БЕКМҰРАТОВ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp