«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ҰЙЫМДАР мен КӘСІПОРЫНДАР БАСШЫЛАРЫНА Ү Н Д Е У І

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Құрметті жерлестер!

1 желтоқсанда біз алғаш рет мемлекеттік мереке – Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің күнін атап өтеміз.

Еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев халықтың бірлігін, адамның құқығы мен бостандығын қорғауды қамтамасыз еткен егемен мемлекеттің негізін қалаушы болып табылады.

Сондай-ақ үстіміздегі жылы Қазақстан өзінің Тәуелсіздігінің 21 жылдығын атап өтеді. 1991 жылғы 16 желтоқсанда біз – жаңа мемлекеттің азаматтары – әлемдік қоғамдастық лайықты түрде мойындаған өзіміздің қазақстандық жолымызға түстік.

Осы жылдар ішінде Мемлекет басшысының басшылығымен тіршіліктің барлық саласында айтарлықтай нәтижеге қол жеткізілді. Елімізді дамытудың дәйекті де сындарлы стратегиясы жасалып, жүзеге асырылды. Қазақстан барлық салада орасан зор алға басып, тарихи жетістіктерге қол жеткізді.

Республикамыз ЕҚЫҰ төрағалығы міндетін табысты орындады, бұл ұйымның саммиті 2010 жылы Астана қаласында ең жоғары деңгейде өткізілді. Жетінші қысқы Азия ойындарында жеңімпаз атандық. Бұл – Қазақстан спортының шынайы салтанаты.

Біз Еуразия құрлығының інжу-маржанына айналған әлемдегі ең көрікті елордалардың бірі – Астана қаласын салдық. Бүгінгі таңда Астана тәуелсіз Қазақстан мен оның Көшбасшысының жасампаз қуатының жарқын бейнесі ғана емес, сонымен бірге сенімді түрде аса беделді әлемдік елордалардың біріне айналу үстінде. Астананың “ЕХРО-2017” Халықаралық мамандандырылған көрмесі өткізілетін орын ретінде таңдалуы – осының айғағы. Міне, осы жетістіктердің бәрі, ең алдымен – орнықты ішкі саяси ахуал, халықаралық беделіміз, этносаралық және дінаралық келісім Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жеке тұлғасымен ажырағысыз байланысты.

Бүгінгі таңда республикамыз – әлемдік үдерістерде маңызды рөл атқаратын табысты, серпінді даму үстіндегі мемлекет. Қазақстанның бәсекеге қабілетті ел ретіндегі беделі нық.

Сонымен қатар біздің Солтүстік Қазақстан облысының экономикасы жақсы қарқынмен дамып келеді және біз, солтүстікқазақстандықтар, болашаққа сеніммен қараймыз.

Тұңғыш Президент күні мен Тәуелсіздік күнін мерекелеу қарсаңында облысымыздың барлық мекемелерінің, кәсіпорындары мен ұйымдарының басшыларына өз қызметкерлеріне сыйақы беру жөнінде ұсыныс жасап, сөз арнап отырмын.

Серік БІЛӘЛОВ,

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp