«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚОЛДЫ БОЛҒАН 11 ҚОЙ қожайынына қайтарылды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Ғабит Мүсірепов атындағы аудандық ішкі істер бөлімі мал ұрлығының бетін ашты.

Буденное ауылының 19 жасар тұрғыны ұсақ құқық бұзушылық үшін екі тәулікке әкімшілік қамауға алынған болатын. Дәл осы күні аудандық ішкі істер бөліміне 11 қойдың жоғалғаны жайлы ферма бригадирі шағым түсірген.

Тәртіп сақшылары оқиға орнына шыққанда ұрлыққа қатысы бар адамның бұл жерлерді жақсы білетінін анықтады. Осы жерде жұмыстан кеткен адамдардан сұрастыру жұмысын жүргізу барысында, олардың бірі уақытша қамау абақтысында екені белгілі болды. Тергеу барысында күдіктінің осы қылмысқа қатыстылығы анықталып, ұрлықтың қалай жасалғанын өзі айтып берген. Түнгі сағат 3 кезінде қамауда тұрған малдарды сыбайласының көлігіне артып жымқырған. Кейін 11 қойды сақшылар осы ауылдың 45 жастағы тұрғынының қорасынан тәркілеген. Ұрланған малдар иелеріне қайтарылып, ұсталған екеуі қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp