Астанада “Жастар кадрлық резерві – 2012” республикалық білім беру жобасы бағдарламасының жүзеге асырылуына арналған салтанатты іс-шара басталды.
Білім беру жүйесінің, бизнес саласының және қоғамдық-саяси қызметтің кадрлық резервіне негіз бола алатын дарынды, мақсатты жас мамандардың қоғамдастығын құру идеясын Мемлекет басшысы 2008 жылы 14 мамырда “Нұр Отан” партиясының “Жас Отан” жастар қанатының 1-ші съезінде ұсынған болатын.
Ал 2012 жылы 3 мыңнан аса белсенді, алғыр жастар, қазақстандық және шетелдік жоғары оқу орындарының 29 жасқа дейінгі түлектері аталған жобаға ынта білдірген.
24 қарашада жобаның жүзеге асырылу нәтижесінде жоғары көрсеткішке жеткен қатысушыларға куәлік беріліп, кадрлық резервке алынады.
“ҚазАқпарат”.