«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ӘЗІРГЕ 17 МИЛЛИОН ТЕҢГЕГЕ акциялар сатып алынды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Гүлгүл ҚУАТҚЫЗЫ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Кеше “Халықтық IPO” бағдарламасы бойынша трансфер-агенттік қызмет көрсетіп жатқан “Қазпочта” АҚ-ның облыстық филиалының қызметкерлері өңірімізде “ҚазТрансОйл” АҚ-ның акцияларының сатылу барысы туралы баспасөз мәслихатын өткізді. Облыс орталығы мен 13 аудандағы пошта байланысы торабында аталмыш бағдарламаны жүзеге асыру үшін арнайы қызметкерлер бекітілген. Олар акцияларды сатып алушыларға шот ашып, өтініштерін қабылдап, оны орталық депозитарийге жіберуде. Тіпті, ауыл тұрғындары осы мақсатпен қыстың көзі қырауда аудан немесе облыс орталықтарына шапқыламас үшін өңіріміздегі 100-ден аса елді мекенде қосындар ашылып қойылған. Елімізде “ҚазТрансОйл” АҚ-ның акцияларын сату желтоқсанның 5-інде, сағат 17.00-де тоқтатылады.

– Бүгінгі күнге дейін облысымыздың жүзден аса тұрғыны “Қаз-ТрансОйл” АҚ-ның акцияларын сатып алуға шот ашып, оған ақшаларын аударды. Онда 17 миллион теңгенің акциясын сатып алуға өтініш білдірілді. Әрине, шот ашу жағынан да, салынған ақша мөлшері жөнінен де петропавлдықтардың үлесі басым. Бүгінгі таңда бір тұлғаның акция сатып алуға аударған ең қомақты сомасы 1,5 миллион теңгені құрап отыр. Ол – Айыртау ауданының тұрғыны. Аудандарда 50-ден аса шот ашылып, олар өздерінің 3 миллион теңге қаржысын ОД-ға аударды, – дейді “Қазпочта” АҚ-ның облыстық трансфер-агенттік қызмет секторының бастығы Күлкен Жарқымбаева.

Бағалы қағаздарды орналастыру жұмысымен айналасып отырған мамандардың айтуынша, бұл мемлекеттің қолдауымен жүзеге асырылып жатқан шарада солтүстікқазақстандықтардың белсенділігі орташа.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp